Бейжің Рэни Бейжің халықаралық драма орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 3 қыркүйек
Бейжің Рэни Бейжің халықаралық драма орталығы ашылды

3  қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Екі жылға созылған құрылыс жұмысы аяқталып, Бейжің Рэни Бейжің халықаралық драма орталығы ашылды. Сол күні кеште аталмыш орталықтың Цао Ю театрында «Күннің шығуы» туындысы сахналанды. Бейжің Рэни Бейжің халықаралық драма орталығы Бейжің қаласының ұлттық мәдени орталығы құрылысының маңызды нысаны. Ол елорда театрының шығыс жағында орналасқан. Орталықтың жалпы құрылыс алаңы шамамен 23000 шаршы метрді құрайды. Ішінде екі кәсіби драма театры бар. Ол орта және кіші театр деп аталады. Орта театрға Қытайдың осы заманғы атақты драматургі Цао Ю-дің есімі берілген.

Аталмыш драма орталығы ендігі кезекте Цао Юның классикалық туындылары «Найзағай» және «Шөл даланы» сахналаймыз деп жоспарлап отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото