Токио Паралимпиадасы шымылдығын жапты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 қыркүйек
Токио Паралимпиадасы шымылдығын жапты

6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Токио Паралимпиадасы салтанатты түрде шымылдығын жапты. Қытай спорт делегациясы 96 алтын, 60 күміс және 51 қоланы жеңіп алды. Бұл Қытай спорт делегациясының қатарынан 5-інші рет Паралимпиада ойындарының алтын медальдар тізімінде және медальдар тізімінде бірінші орынды иеленуі.

5 қыркүйек күні кешке Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары аяқталды. Токио Паралимпиадасына дүниенің 162 делегациясынан келген 4400-ден артық паралимпиадалық спортшылар 22 ірі, 539 кіші ойын түрлеріне қатысты. Қытай спорт делегациясы 96 алтын, 60 күміс және 51 қоланы жеңіп алып, жалпы 207 медальмен үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар Қытай спорт делегациясы 29 әлемдік рекорд жасады.

XVII Жазғы Паралимпиада ойындары 2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Францияның астанасы Париж қаласында өткізіледі. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото