Қытай тілі деңгейлік тест HSK ғана ма?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 қыркүйек

6 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шетелдік қытай тілін үйреніп жүрген достар үшін қытай тілінің деңгейлік емтиханы (HSK) бөтен емес. Біраз жылдардан бері қытай тілін үйренетін шетелдік азаматтар санының артуына сәйкес емтихан тапсыратындар да көбейіп келеді.

Қытай тілі емтиханының ішінде қытай тілінің деңгейлік емтиханынан (HSK) басқа да, бірнеше қытай тілі емтихандары бар. Бұл тестке үміткерлер өз қалауы бойынша қатыса алады.

Қытайша арнайы тест алғашқы тілі қытайша емес адамдарға арналған, бекітілген өңірлерде тапсырылатын беделді тест. Қазірге дейін “Қытай тілі деңгейі ауызекі тесті (HSKK)”, “Орта-бастауыш сынып оқушыларына арналған қытай тілі тесті (YCT)”,“ «Іскерлікке байланысты қытай тілі тесті (BCT)”, “Медицинаға байланысты қытай тілінің деңгейлі тесті (MCT)” сынды түрлері бар.

Індеттің әсерінен қытай тілі деңгейі тестін тапсыруды 2020 жылдың сәуірінен бастап үміткерлер үйінде отырып орындайтын болды. Қазірге дейін бұл тест түрлеріне 80 мыңнан астам үміткер қашықтықтан қатысты.

Қытай тілі деңгейлі тестінен басқа Қытай тілді арнаулы тест сұрақтары қандай болады?

Маманның берген мәліметіне сәйкес, қытай тілі деңгейі ауызекі тест алғашқы тілі қытай тілі емес үміткердің қытай тілін білу қабілетін сынайды. Ол бастауыш, орта, жоғары деңгей деп бөлінеді. Үміткер дыбыс жаздыру үлгісінде тест тапсырады.

Орта-бастауыш сынып оқушыларына арналған қытай тілі тесті бастысы алғашқы тілі қытай тілі емес орта-бастауыш сынып оқушыларының күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынас кезіндегі үйрену барысында қытай тілінде сөйлесе алу деңгейін сынайды. Тест ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Екеуі өз алдына бөлек. Жазбашасы төрт деңгейге, ауызшасы екі деңгейге бөлінеді.

Іскерлікке байланысты қытай тілі тесті алғашқы тілі қытай тілі емес қызметкердің іскерлік немесе күнделікті қызмет ортасында Қытай тілінде сөйлесе алу деңгейін сынайды. Емтихан ауызша және жазбаша деп бөлінеді. Екеуін бөлек тапсыруға болады.

Медицинаға байланысты қытай тілі деңгейлі тестінің басты ерекшелігі Қытайға келіп медицина мамандығында оқитын студенттердің, Қытайдан тыс жерде қытай тілінде медицина мамандығында оқитын студенттердің, Қытайда қытай тілінде клиникалық диагноз және емдеу жұмысын жасайтын алғашқы тілі қытай тілі емес медициналық қызметкерлердің медицинаны үйрену, емдеу, науқастармен сөйлесу, әріптестерімен қарым-қатынас жасау және салалық қызметкерлермен қытай тілінде сөйлесу деңгейін сынауға арналған.

2021 жылдың соңына дейін үміткерлер әлі де 11 рет қытай тілінен тест тапсыра алады. Шетелдегі індет жағдайы мен емтихан талаптарына сәйкес, 2021 жылдың соңғы жарты жылында үміткерлердің үш рет қашықтықтан тест тапсыру мүмкіндігі қосылды. Онлайн тест тапсыру 25 қыркүйек, 30 қазан, 11 желтоқсан күндері өтеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото