Гвинеяда әскери төңкеріс орын алды, Гвинеядағы Қытай елшілігі қауіпсіздік туралы ескерту жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Гвинеядағы Қытай елшілігінің сайтында хабарланғанындай, 2021 жылы 5 қыркүйекте Гвинеяда әскери төңкеріс болды. Төңкеріс әскерлері Президент Контені ұстағанын, өздерінің конституцияны жойып, үкіметті таратып, шекараны жауып, Ұлттық бірлік пен даму комиссиясын құратындарын және билікті өз қолдарына алатындығын жариялады. Сонымен бірге, халықты қалыпты жұмыс пен күнделікті өмір ырғағын сақтауға шақырды.

Гвинеядағы Қытай елшілігі Гвинеядағы қытай азаматтарына сабыр сақтап, әзірше көшеге шықпауды, айналадағы жағдайға назар аударуды және қауіпсіздік шараларын күшейтуді, тосыннан төтенше жағдай болғанда елшілікпен байланыс жасауды ескертті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото