Шыңжаңның Құлжа ауданына 200 мың құс «ұялады»

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 қыркүйек
Шыңжаңның  Құлжа ауданына  200 мың құс «ұялады»

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Құлжа ауданы тамыздың орта шенінен бастап жылына бір рет атқаратын «ұя салып, құстарды баурау» жоспарын бастаған. Жергілікті орын осы шара арқылы қарала торғайдың санын көбейтпек. Қысқа ғана бір жарым ай ішінде 200 мыңнан астам қарала торғай адамдар дайындаған жаңа ұяларына қонақтаған.

Құлжа ауданы Турасу сахарасындағы жол бойындағы құрылыс орнында ірі тұрпатты машиналардың дауысы естілмейді, жұмыскерлердің қарбалас жұмыс істеп жатқаны да көзге шалынбайды. Құрылыс орнына бара қалсаңыз, құстардың шырылдаған үні ғана естіледі. Бұл жерге қия беткейге жатқызылатын тастар үйілген, тас үйіндісіне қонақтаған қарала торғайлардың саны мол. Олар кейде қалықтап ұшса, кейде көк жүзінде сайран салады, кейде жемге шүйлігеді, жолдан өткен автокөліктер де құстарды үркітіп алмау үшін бұл арадан баяу өтеді.

Жергілікті орындағы орман және жайылымды басқару мекемесінің таныстыруынша, Құлжа ауданы қарала торғайдың алаңсыз ұя салуына түрлі тиімді жағдайларды жасаған, құстардың алаңсыз тіршілігіне кепілдік ету үшін, жергілікті орын қарала торғайға тастан ұя қалаудан сырт, оларға су ішетін науашық та дайындаған. Мәліметтерге сәйкес, қарала торғай мемлекеттік 2-нші дәрежеде қорғалатын құс. Оның дене тұрқының ұзындығы 19 сантиметрден 22 сантиметрге дейін. Дене салмағы 60 грамнан 73 грамға дейін. Қарала торғай жыл құсына жатады. Негізінен шегірткені қорек етеді, азыққа тәбеті аса зор, күніне 120-дан 180-ге дейін шегіртке ұстап жейді. Құлжа ауданының сахарасына ұя салған 200 мың қарала торғай жергілікті орындағы шегірткені жедел жоюдың негізгі «қосынына» айналған. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото