Шық түсер

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйек күні Қытайдың 24 жыл амалдарының ішіндегі он бесінші амалы. Ол шық түсер(Байлу)деп аталады, күз маусымындағы үшінші амал. Шық түсердің келуі жаздың аптап ыстығының аяқталғанын білдіреді.

Шық түсер амалында еліміздің көптеген жерлеріне күз келеді. Ол кезде халық арасында мол өнім алу үшін тілеу тілеп, дұға ететін салттар да бар.

Бұрынғылар күздегі шықты күтінудің табылмайтын емі деп білген. Кейбір деректерде дәстүрлі маусымдық сенімдерде күзгі шық көз ауруының таптырмас емі деп жазылған.

Фучжоу өлкесі Фуцзяньда «шық түсер күні лонган жейтін» салт бар. Адамдар шық түсер күні лонган жесе денсаулыққа пайдалы деп біледі. Бұдан басқа шай ішу, шарап ішу салтына да ерекше мән беретін болған.

Жаздың шіліңгір ыстығына қақталған шай ағаштары үшін шық түсер маусым мәуелеп өсудің жақсы мезгілі. Шық түсер шайының қою гликоль дәмі бар. Ол шайшылдардың таптырмас сусыны.

Бұрынғы заманда Сучжоу Чжэцзян өңіріндегілер шық түсер амалы келісімен шарап ашытып, қонақ шақыратын болған. Жабысқақ күріш сынды дақылдардан жасалған шарапты «шық түсер күріш шарабы» деп атаған.

Шық түсер кезде температура ертелі-кеш суық, түсте ыстық болады. Жылы киініп жүрген дұрыс. Ал азықтық жағынан өкпені нәрлендіріп, құрғақтықты басатын өнімдерді тұтынғанымыз жөн. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото