Өткен жеті айда Қытай мен Африка арасындағы тауар айналымы 40% -ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Таяуда Мемлекеттік ақпарат басқармасы баспасөз мәслихатын өткізіп, Сауда министрлігі мен Хунань өлкесінің жауапты өкілдері Екінші Қытай-Африка экономикалық және сауда көрмесіне байланысты таныстырулар жасады. Сауда министрінің орынбасары Цянь Кемин биыл қаңтардан шілдеге дейін Қытай мен Африка арасындағы сауда көлемі 139,1 млрд АҚШ долларын құрағанын, бұл өткен жылғы сәйкес мезгілмен салыстырғанда 40,5% -ға өсіп, бұрынғы кезең ішінде ең жоғары рекордты жаңартқанын атап көрсетті. Қытайдың өндірістік емес секторға салған тікелей инвестиция көлемі 2,07 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен асып түседі.

Цянь Кемин соңғы жылдары Африка елдеріндегі іскерлік ахуалдың үздіксіз жақсаруына байланысты қытайлық компаниялардың Африкаға инвестиция салу ынтасының артып келе жатқанын, Қытай-Африка инвестициялық ынтымақтастығы да қарқынды дамуға қол жеткізгенін айтты. 2020 жылдың соңына дейін Қытайдың Африкадағы тікелей инвестициялық қоры 47,4 миллиард АҚШ долларынан асып, 50 -ден астам Африка елін қамтыды. Қытайлық компаниялардың Африкадағы инвестициялық ынтымақтастығына белсенді түрде бағыт көрсету және ілгерілету үшін Қытай «Сыртқа шығуды» қолдау саясатын үнемі кемелдендіріп отырады. Қазіргі уақытта 34 Африкалық елмен «Инвестицияларды ілгерілету мен қорғау туралы екіжақты келісімге» және Африкалық 15 елмен «Қосарлап салық салудан сақтану туралы келісімге» қол қойылды. Бұдан басқа көлемі 20 миллиард АҚШ долларын құрайтын Қытай-Африка даму қоры мен Қытай-Африка өндірістік қуат ынтымақтастық қоры да құрылды.

«Келесі қадамда Қытай екі жақтың компаниялары арасындағы алмасу мен ынтымақтастық үшін тиімді платформаларды құруды жалғастырады және авиация, қаржы, туризм, цифрлық экономика, теңіз экономикасы және "жасыл" экономика сияқты жаңа дамып келе жатқан салаларда екі жақтың ынтымақтастығын нығайтуға белсенді ықпал етіп, жаңа даму нүктелерін құрып шығады. Қытай-Африка экономикалық және сауда ынтымақтастығының өзгеруіне, жаңаруына және тұрақты дамуына жаңа серпін қосады», - деді Цянь Кемин.

Екінші Қытай-Африка экономикалық және сауда көрмесі осы жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында Хунаньның Чанша қаласында өтетіні белгілі болды. Бұл экспода Африка тауарлар жәрмеңкесіне Африканың 40 -тан астам елінен 300 -ден аса компания қатысады. Көрмеге қатысатын кәсіпорындар мен бұйымдар қат-қабат саралаудан өткізілді және бірінші рет Африканың бренд өнімдерінің көрме алаңы ұйымдастырылып отыр, оның ішінде қызыл шарап, кофе, какао, жаңғақтар, асыл тастар мен теңіз өнімдері, шай, зәйтүн майы, денсаулық сақтау және тері күтімі өнімдері сияқтыларды қамтыған 9 кәсіби көрме бар. Тауар түрі мол, Африканың әр жерінде өндірілген сапалы заттар көрмеге қойылатын болады. Сонымен қатар, бұл экспо Қытай-Африка экономикалық және сауда ынтымақтастығының жаңа ерекшеліктері мен тенденцияларына назар аударады, азық-түлік және ауылшаруашылығы қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және өнеркәсіптік тізбек ынтымақтастығы тақырыптары бойынша қосалқы форумдар өткізеді. Қытай-Африка экономикалық және сауда ынтымақтастығы жетістіктерінің көрмесін, африкалық бренд тауарлар көрмесі мен ішкі және сыртқы сауда интеграциясы көрмесі сияқты іс-шараларды ұйымдастырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото