Шансидің сутегі өндірісінің жылдық көлемі 3 миллион тоннадан асты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 қыркүйек

7 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 4 қыркүйекте Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігі, China Three Gorges Corporation, China Energy News сияқты компаниялардың демеушілігімен «2021 жыл. Сутегі энергетикасы саласын дамыту форумы мен он бірінші жаһандық топ-500 жаңа энергетикалық кәсіпорындардың саммиті» Шаньси өлкесінің Тайюань қаласында синхронды түрде өтті.

Шаньси өлкесі бастығының орынбасары Ван Ысин форумда соңғы жылдары көптеген жаңа энергетикалық жетекші компаниялар Шансиге топталып, сутегі энергетикасының бәсеке алаңын құрып жатқанын мәлімдеді. Кокс газынан сутегі өндіру және хлор-сілтілі ығыстырылған газдан сутегі өндіру сияқты бірқатар негізгі жобалар бірінен соң бірі бой көрсетіп жатыр. Шансидегі Датун, Чанжи, Цзиньчжун, Тайюань сияқты қалаларда сутегі энергетикалық өнеркәсіптік кластерлердің қалыптасуы шапшаңдап келеді. Тұтас өлке бойынша сутегі өндірісінің жылдық көлемі 3 миллион тоннадан асты. Шанси сутегі өндіруден, сутекті сақтау және тасымалдауға, гидрлендіруге және сутегі энергиясын қолдануға дейінгі толық өндірістік тізбекті құру үшін саяси қолдауды күшейтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото