Си Цзиньпин 32-нші Халықаралық авиациялық ғылыми конференциясына құттықтау хатын жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қыркүйекте мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин 32-нші Халықаралық авиациялық ғылыми конференциясына құттықтау хатын жолдады.

Си Цзиньпин авиация ғылымы мен технологиясы XX ғасырдан бері адамзаттың өндірісі мен өміріне ең зор ықпал жасаған, жылдам дамып келе жатқан ғылым мен техника саласының бірі екенін атап көрсетті. Қазіргі әлемде терең технологиялық революция мен өнеркәсіптік өзгеріс жүріп жатыр. Авиация ғылымы мен техникасы бұрын-соңды болмаған даму мүмкіндіктерімен бетпе-бет келіп отыр. Ғаламдық авиация ғылымы мен технологиялық ынтымақтастығын жүзеге асыру өте қажетті және жарқын болашаққа ие. Бұл конференция авиация ғылымы мен технологиясының жаһандық ынтымақтастығын дамытуда белсенді рөл атқарады және әлемнің барлық елдерінің халқына көптеген пайда әкеледі деп үміттенеміз.

32 -нші Халықаралық авиациялық ғылыми конференциясы дәл осы күні Шанхайда өтті. Конференцияны Халықаралық авиациялық ғылым кеңесі бас болып ұйымдастырды және Қытайдың аэронавигациялық қоғамы жауапты болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото