Сыртқы істер министрлігі: АҚШ Ауғанстанды бейбіт түрде қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелерді орындауы керек

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэнбин 6 қыркүйекте АҚШ Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алу керектігін айтты.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрақ қойды: Хабарламаларға сәйкес, Ақ үйдің өкілі Псаки жақында Қытай мен Ресейден өзге ешбір ел Ауғанстанда қалуды қаламайды, себебі бұл АҚШ ресурстарын шектеуге саяды деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Қытайдың пікірі қандай?

Ван Вэнбин АҚШ Ауғанстан мәселесінің бастамашысы екенін айтты. Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғыс ауған халқына үлкен шығын мен қасірет әкелді, ал келеңсіз әсерлерді ұзақ жылдар бойы жою қиынға соғады.

«АҚШ өзінің қателіктері туралы ойланып, терең сабақ алып, сыртқы әскери істерге ерікті түрде араласуын, өз идеологиясы мен құндылықтарын басқаларға таңуды, Ауғанстанда жіберген қателіктерін қайталауын тоқтатуы керек», - деді Ван Вэнбин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото