Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық өнер көрмесінің ашылу салтанаты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қыркүйек күні Бейжіңде «Бір арман» атты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық өнер көрмесі және әйелдер мен балалар көрмесі шымылдығын ашты. Тұтас қытайлық бүкілхалықтық конгресінің тұрақты комитет төрағасының орынбасары, Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының төрағасы, ШЫҰ тату көршілік, достық және ынтымақтастық комитетінің төрағасы Шэнь Юэюэ сынды құрметті қонақтар ашылу салтанатына қатысты. Әрі бұл көрме адамдар арасындағы ауыс-түйісті нығайтып, адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасы жүйесін жеделдетуді мақсат ететіндігін білдірді.

Көрмені Бүкілқытайлық әйелдер федерациясы, Қытайдың Ұлттық өнер мұражайы, ШЫҰ үйлесімділік комитеті мен ШЫҰ хатшылығы бірлесіп ұйымдастырды. Ол «Бір арман» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық өнер көрмесі мен «Бір арман» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық балалар сурет көрмесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

«Бір арман» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық өнер көрмесі «Мекен және ынта», «Сапар және байланыс», «Әртүрлілік пен интеграция», «Тағдырмен қатар өмір сүру» сынды 4 бөліктен құралған. Қытай Ұлттық өнер мұражайы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жинаған 54 туынды көрмеге қойылған. Сонымен қатар мультимедия көмегімен 89 туындыны да көрмеден табуға болады. «Бір арман» атындағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ұлттық балалар сурет көрмесіне Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан сынды елдерден келген ұсыныс бойынша 50 балалар туындылары қойылды. Сөйтіп әр елдегі балалардың назарындағы әлемді көрсетті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото