Цифрлық технология мен қызмет саудасының үйлесіміндегі оңтайландыру

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 қыркүйек

8 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Қытайдың халықаралық қызмет көрсету жәрмеңкесі жұртшылыққа тегін ашылды. Тамашалаушылар серуендей жүріп жақын қашықтықтан цифрлық технология мен қызмет саудасының үйлесімінен болатын ыңғайлылықтарды сезінді.

Биылғы қызмет көрсету жәрмеңкесі алғаш рет «қос орын» (кешенді көрме және арнайы көрме) бойынша ұйымдастырылды, кешенді көрме Мемлекеттік конгресс орталығында құрылды, оның ішінде қызмет көрсету сауда жетістіктері көрмесі, елдік көрме аймағы, цифрлық қызмет көрсету аймағы, өлке-облыстар мен қалалар, Сянган, Аомэнь және Тайвань көрме аймақтары бар. Ал арнайы көрме Shougang саябағында орналасқан. Онда 8 арнайы көрме бар, атап айтқанда, телекоммуникация, компьютерлік және ақпараттық қызметтер, қаржылық қызметтер, мәдениет және саяхат қызметтері, білім беру қызметтері, спорт қызметтері, жеткізілім тізбегі мен кәсіпкерлік қызметтер, инженерлік кеңес және құрылыс қызметтері, денсаулық сақтау қызметтері.

Қызмет көрсету жәрмеңкесінде «Цифрлық қаржының демонстрациялық аймағындағы» цифрлық RMB-ді тұтыну көрінісі жұртшылықты баурады. Сонымен қатар, қаржылық технологияларды қолдану алаңы да қызықты орынға айналды.

Цифрлық технологияның көмегімен ауылшаруашылық индустриясы ауылшаруашылық өнімдерін сатудан стандартты өнімдерді сатуға бейімделді. Электрондық сауда компаниясының қызметкері «өндіріс, жеткізу тізбегі мен сату бойынша цифрлық техникалық қолдау ауыл шаруашылығы өнеркәсібін өнімді әрі тиімді ете түсті, сонымен қатар сауда мен логистиканың тұрақтылығын арттырды», - деді.

Спорттық қызмет көрсету көрме аймағында көрермендер нағыз мұз шоуына, виртуалды бейне арқылы (AR) шаңғымен сырғанау мен қар үйін жасау, жасанды қардағы шаңғы жарысы сияқты тәжірибелік іс-шараларға қатыса алады. Көрме алаңындағы көптеген тамашалаушылар үйдегі фитнеске де ерекше назар аударды.

Үлкен деректің (Big Data) дамуы рекрутингтік компанияларға жұмысқа қабылдау мен адам ресурстарының даму тенденциясы туралы түсінік алуға көмектеседі. Zhilian Recruitment рекрутингтік қызмет көрсету платформасының стендінде, үлкен экранда кәсіби қызметтердің, кеңес берудің, логистиканың, қоймалық және басқа да салалардың өркендеу индексі айтарлықтай жоғарылағанын көрсетіп тұр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото