Си Цзиньпин Тәжікстан Президенті Э.Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Төраға Си Цзиньпин 7 қыркүйекте Тәжікстан Президенті Э.Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Си Цзиньпин Тәжікстанды ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Си Цзиньпин қазіргі уақытта Қытай мен Тәжікстан қарым-қатынасы тарихтағы ең жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Тараптар бір-бірінің мүдделері мен маңызды мәселелерде екеу-ара берік қолдау көрсетеді. Бұл өзара сенімділіктің жоғары деңгейін байқатады. Екі жақ індетпен күресуде тығыз ынтымақтастықта және тату көршілік достықта екендігін көрсетті. Екі ел бір-біріне сүйенетін етене серіктестер.

Келесі жылы Қытай мен Тәжікстан дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толады. Қытай Тәжікстанмен бай мазмұнды дамыту қауымдастығын және берік қауіпсіздік қауымдастығын құруға, екі елдің ортақ мүдделерін қорғауға, өңірлердің бейбітшілігі мен дамуына жәрдемдесуге дайын.

Си Цзиньпин екі тараптың «Бір белдеу, бір жол» жоғары сапалы бірлескен құрылысын негізгі бағыт ретінде жалғастыруын және экономика мен сауда, өзара байланыс пен цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру қажеттігін баса айтты. Қытай өз компанияларын Тәжікстанға инвестиция салуға шақырады, сонымен бірге Тәжікстанның «жасыл» және сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын ұлғайтуға дайын. Тараптар Қытай-Тәжікстан жүк тасымалының тиімді және бірқалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін шекаралық бекеттерде алдын алу мен бақылаудың бірлескен механизмінің рөлін толық пайдалану керек. Қытай Тәжікстанның эпидемияға қарсы күресін қолдауды жалғастыруға және медициналық саладағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге дайын.

Си Цзиньпин Қытай Тәжікстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық жасағаннан бергі жұмысын жоғары бағалайтынын және Тәжікстанның төрағалық міндетін орындауын, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдық мерейтойлық саммитін табысты өткізуін барынша қолдайтынын атап көрсетті. Осы орайда мүше мемлекеттердің бірлігі мен өзара сенімділігі нығайып, қауіпсіз және прагматикалық ынтымақтастық тереңдеп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаңа бастамалары қарқынды дамитын болады,- деді.

Э.Рахмон Тәжікстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктес екенін, әр түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастар тұрақты түрде дамып келе жатқанын айтты. Тәжікстан ұлы дос ел - Қытайға Тәжікстанға ұзақ уақыт бойы адал және шынайы көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді. Атап айтқанда, Қытайдың пневмонияға қарсы вакциналық көмегі Тәжікстанның індетке қарсы күресіне ерекше демеу болды. Тәжікстан Қытаймен бірге Тәжікстан-Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігіне жаңа мазмұн қосу үшін экономика, сауда, қауіпсіздік және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты үнемі тереңдету үшін жұмыс істеуге дайын. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық міндетін атқаруда Тәжікстанға жа -жақты қолдау көрсеткені үшін Қытайға алғыс айтамыз және ШЫҰ -ны дамыту бойынша Қытаймен тығыз селбестікті жалғастыруды қалаймыз.

Тараптар Ауғанстандағы ахуалға қатысты пікір алмасты және терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірге сақтауға келісті. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото