Си Цзиньпин АҚШ Президенті Байденмен телефон арқылы сөйлесті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 10 қыркүйек күні таңертең төраға Си Цзиньпин ұсынысқа сай АҚШ Президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, Қытай-Американ қарым-қатынасы мен тараптар көңіл бөлетін мәселелер хақында ашық, терең және кең стратегиялық кеңес жүргізіп, пікір алмасты.

Си Цзиньпин алдымен Байденге және Америка халқына Америка Құрама Штаттарының көптеген аймақтарында Ада дауылынан болған өлім-жітім мен материалдық шығынға байланысты көңіл айтты. Байден бұл жөнінде алғысын білдірді.

Си Цзиньпин АҚШ-тың біраз уақыттан бері қабылдаған Қытай саясаты Қытай-АҚШ қарым-қатынасында елеулі қиындықтар туғызды, бұл екі ел халқының негізгі мүдделері мен әлемдегі барлық елдердің ортақ мүдделеріне сәйкес келмейді деп атап көрсетті. Қытай мен Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең ірі дамушы ел және дамыған ел. Қытай мен Америка Құрама Штаттары қарым -қатынастарын дұрыс реттей ала ма, жоқ па - бұл әлемнің болашағы мен тағдырына саятын екі ел жауап беруге тиісті ғасырлық мәселе. Қытай-АҚШ ынтымақтастығы екі елге де, әлемге де пайда әкеледі; Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес екі елге де, әлемге де апат әкеледі. Қытай-АҚШ қарым-қатынасын жақсарту керек пе деген таңдау сауалы емес, қалай жақсарту керек деген сөзсіз жауап беруге тиісті сұрақ.

Си Цзиньпин ежелгі қытай өлеңінен үзінді келтірді:

«Асқар тау мен арқыраған өзеннен,

Алаңдама жол табылмас дегенмен.

Қарсы алдыңнан шығар түбі бір ауыл,

Алуан гүлге бөленген».

1971 жылы екіжақты қарым-қатынастың «мұз қабыршағы» жарылғаннан бері Қытай мен АҚШ барлық елдерге нақты пайда әкелу үшін бірлесіп жұмыс жасады. Қазіргі уақытта халықаралық қоғам көптеген күрделі ортақ мәселелермен бетпе-бет келуде. Қытай мен Америка Құрама Штаттары кеңдік танытып, үлкен жауапкершілікті мойнына алып, алға қарай бет түзеуі тиіс. Стратегиялық батылдық пен саяси жігерлілікті көрсетіп, Қытай-АҚШ қарым-қатынасын тұрақты дамудың дұрыс жолына мүмкіндігінше тез оралтуды қолдап, екі елдің халқына және әлемдегі барлық елдердің халқына тиімділік жағын қарастыру шарт.

Си Цзиньпин Қытайдың климаттың өзгеруі және басқа да мәселелер бойынша ұстанымын түсіндірді. Қытай экологияны басты орынға қоятынын, жасыл және аз көміртекті даму жолында табанды болатындығын, өз елінің ұлттық шарттарына сәйкес келетін халықаралық міндеттемелерді қабылдауға әрқашан бастамашы болатынын баса айтты. Бір -бірінің негізгі мәселелерін құрметтеу және айырмашылықтарды дұрыс басқару негізінде, екі елдің тиісті ведомстволары диалогты жалғастыра алады және климаттың өзгеруі, індеттің алдын алу және бақылау, экономиканы қайта жандандыру, халықаралық және өңірлік маңызды мәселелер бойынша үйлестіру мен ынтымақтастықты дамытуды жебейді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың көптеген потенциалдарын ашу арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынасқа оң факторларды қосады.

Байден әлемде жедел өзгерістердің болып жатқанын, АҚШ-Қытай қарым-қатынасы дүние жүзіндегі ең маңызды екіжақты қарым-қатынас болып табылатынын, тараптардың өзара байланысы әлемнің болашағына әсер ететінін айтты. Бәсекелестікке байланысты екі елдің текетіресте болуына ешқандай себеп жоқ. АҚШ ешқашан Қытай саясатын өзгертуді ойлаған емес. АҚШ Қытаймен ашық алмасулар мен сындарлы диалогтар жүргізуге, екі тарап ынтымақтастықта болатын бағыттар мен басымдықтарды айқындап, түсінбеушіліктерден, қате пікірлерден және кездейсоқ қақтығыстардан аулақ болып, АҚШ-Қытай қарым-қатынасын қалпына келтіруге дайын. Америка Құрама Штаттары климаттың өзгеруі сияқты маңызды мәселелер бойынша Қытаймен байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға және консенсус қалыптастыруға үміттенеді, - деді.

Екі жақ та Қытай мен АҚШ басшылары арасындағы Қытай-АҚШ қарым-қатынасы мен ірі халықаралық мәселелер хақындағы терең байланыстың Қытай-АҚШ қарым-қатынасының дұрыс дамуы үшін маңызы зор деп санайды. Қос тарап әр түрлі тәсілдермен тұрақты байланыста болуды жалғастыруға келісті және Қытай-АҚШ қарым-қатынасының дамуына жағдай жасау үшін екі жақтың тиісті жұмыс орындарындағы мәселелерді шұғыл тындыруына және ауқымды диалог жүргізуіне нұсқау береді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото