Қытайдағы ұстаз-мұғалімдердің жалпы саны 17,9297 миллионға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек
Қытайдағы ұстаз-мұғалімдердің жалпы саны 17,9297 миллионға жетті

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 8 қыркүйек күнгі Білім министрлігінің баспасөз жиналысынан алған ақпаратына сәйкес, ең жаңа мәліметтерге сүйенетін болсақ, еліміздегі барлық мұғалімдердің жалпы саны 17,9297 миллионға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда 609 400-ге өсті, яғни 3,52% -ға артты. Арнайы білім беру мұғалімдері 6,11%-ға, балабақша тәрбиешілері 5,44%-ға, жоғары оқу орындары ұстаздары 5,34%-ға өсті. Бұл білім беру реформасы мен оның дамуы тұрақты игерілгендігін білдіреді. Биылғы жылы мұғалімдердің біліктілік сертификатын алу үшін аттестациядан жалпы 1,91 миллион адам өтті. Бұл өткен жылдың барлық кезеңімен салыстырғанда 28,7% -ға артқандығын көрсетті.

Білім министрлігі мұғалімдер қызметі департаментінің директоры Рен Юшюннің таныстыруынша, Білім министрлігі биылғы жылы 4500 зейнеткер мұғалімді қызметке қабылдап, Орта және Батыс өңірлерге мұғалімдікке жібермекші. Сонымен қатар зейнеттегі жоғары оқу орындарының профессорларын батыстағы жоғары оқу орындарына білім беруге жібереміз деп жоспарлап отыр.

Рен Юшюннің айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін, Орта, Батыс бөлектегі 22 өлке мен 725 іргелес қоныстанған кедей өңірлердегі аудандар ауыл-қыстақтағы мұғалімдер тұрмыстық көмек қаражатынан игіліктену саясатын іске асырды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото