«Бейбітшілік миссиясы-2021» терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуы жуырда басталады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 10 қыркүйек

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- «Бейбітшілік миссиясы-2021» терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуына қатысатын қытайлық бөлімше белгіленген орынға жетті. Қытай әскери желісінің 7 қыркүйектегі хабарлауына сәйкес, жергілікті уақыт бойынша 6 қыркүйек 15: 30-да «Бейбітшілік миссиясы-2021» ШЫҰ терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуына қатысатын Қытай әскерлерін таситын темір жол көлігінің бірінші эшолоны Ресейдің Орынбор облысына жетті. Хабарламада айтылғандай, теміржол тасымалының бірінші эшелоны 172 офицер-сарбаз бен 44 техникалық жабдықтан тұрады. Олар 28 тамызда Ішкі Монғолдың Манжоули қаласынан шығып, 9 тәулікте 6300 шақырымнан астам жол жүріп, 5 уақыт белдеуін кесіп өтті. Темір жол көлігінен түскеннен кейін, әскерлер жауынгерлік формаға сәйкес бірнеше топқа бөлініп, моторлы көлікпен 50 шақырым қашықтықтағы жаттығу аймағына жеткізіледі және далалық лагерь алаңын ашады.

Алдыңғы хабарларға қарағанда, «Бейбітшілік миссиясы-2021» ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуы 11-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Орынбор облысындағы Донггуз қарауыл ату алаңында өтеді. Жаттығулардың тақырыбы ШҰЫ-ға мүше елдердің қарулы күштерін терроризмге бірлесіп қарсы тұруға дайындау, негізгі барлау мен қадағалау, атып соққылау, сырттан қоршау, іштен ыдырату, ілгерілей жүріп қорғаныс жасау, жердегі тұтқиыл шабуыл, бөлшектеп соққылау, қарсы жақ жауларды тазарту, ұшқышсыз ұшақ шабуылына төтеп беру сияқты мазмұнға бөлінеді. Қатысушы Қытай әскерлері негізінен солтүстік соғыс аймағынан таңдалды, жалпы 550 -ден астам адам мен 130 көлік (құрал -жабдық) қатысады.

Сарапшылар терроризмге қарсы бірлескен жаттығулардың қатарына ұшқышсыз ұшаққа төтеп беру сияқтылардың енуі -«Бейбітшілік миссиясы» терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығулары террористік шабуылдардың жаңа өзгерістеріне сәйкес мазмұнын үнемі түзетіп, жетілдіріп отыратынын көрсетеді деді. Ол жаңа жағдайда террористік шабуылдарға тиісті жауап бере алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото