«Шэньчжоу-12» нөмірлі ғарышкерлердің орбитадағы «Көркем жершары» фотографиялық жұмысы ресми түрде шығарылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 қыркүйек

13 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қыркүйек күні Қытайдың ғарышқа адам алып ұшу инженерлік кеңсесі «Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлерінің орбитада түсірген жоғары ажыратымдылықтағы суреттерінің екінші топтамасын ресми түрде шығарды.

Бұнда арнайы рең бергендей қып-қызыл көл келбеті, Атлант мұхитының соңғы көз жасы, араға тоғыз жыл салып бізбен кездесіп отырған «шұбатылған Каспий» сындылар бар. Біз Жоңчиу мерекесінің(Күз ортасындағы мереке)алдында ғарышкер Лю Бомин мен Тан Хунбоның түсірген фотолары арқылы «Көркем жершарының» әсем келбетін көріп көзайым болайық. 

Ғарышкер Лю Бомин түсірген фото

Дүние жүзіндегі екінші ірі тұзды көл-Урумие көлі. Шіліңгір шілде айында су оңай буланып кететіндіктен, судағы тұзды дуналиелла каротин қалыптастырады. Осы түзілген каротин көлдің көркін қызыл реңмен бояйды. Ақ түсті тұзбен қоршалып жатқан көлдің көркіне қарасаң көз тоймайды. Алайды бұл әсем картина көлдің тартылып бара жатқанының белгісі.

Ғарышкер Лю Бомин түсірген фото

Шыңжаңдағы Қызылсу Қырғыз автономиялы облысының аспаны. Ғарышкер Лю Бомин түсірген Шыңжанның байтақ даласына көз салайық. Тяньшань таулары Атлант мұхитындағы су буын бөгеп, асқар шыңды мұз таулар қалыптастырған. Ол еріп Тяньшань тауының оңтүстігінде Тарым ойпатындағы Гоби шөлін құнарландырып жатыр. Ал Тяньшань тауының солтүстігіндегі Жоңғар ойпатының кіндігіне орналасқан «Атлант мұхитының соңғы жасы» Сайрам көлі бейне көл бетіне қонатын түнгі аспандай мөлдіреп тұрады.

Ғарышкер Лю Бомин түсірген фото

Күн қанатының виндсерфинг тақтасы мен терең ғаламнан пайда болған бұрыштағы Еуразия құрлығында бір жап-жасыл нефрит белбеуі созылып жатыр. Ол «әлемдегі төртінші ұзын көл» Балқаш көлі. Қытайдың Шыңжандағы Іле өзені осы Балқаш көлінің батысына құяды. «Орта Азияның нефрит белбеуі» Балқаш көлінің батыс жағындағы суы тұщы, ал шығысы ащы болады. Фотоның сол жақ астындағы - Ыстықкөл. Ол Еуразияның кіндігінде жатқан асыл тастарға ұқсайды. Айналасындағы қарлы таулар бейне Ыстықкөлді алақандарына салып көтеріп тұрғандай.

Ғарышкер Лю Бомин түсірген фото

Армения аңыздарында Хейк батыр Пан көлі мен Арарат тауының бөктерінде ұрыс салып, елдің туған топырағын қорғап қалған деп айтылады. Кеңістіктен Анатолия үстіртіндегі Пан көліне көз тастасақ, ол бейне көкке ұмтылған самұрық сияқты, бұлт жастанып, аспанға арқасын төсеп жатыр.

«Шэньчжоу-9» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлер Цзин Хайпэн, Лю Ян, Лю Ван түсірген фото

«Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкер Лю Бомин түсірген фото

2012 жылы «Шэньчжоу-9» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлер «Шұбатылған Каспийді» фотоға түсірген еді. Содан бері аттай желіп 9 жыл өте шығыпты. Каспий бұрынғысындай жым-жырт ағып жатыр. Атмосфераның сыртында Қытайдың ғарышкерлері Цзин Хайпэн, Лю Ян, Лю Ван*-нан Не Хайшэн, Лю Бомин, Тан Хунбоға дейін көркем планеталарға серік болып келеді.

Ғарышкер Тан Хунбо түсірген фото

Тамыз айының соңында «Кемпірқосақ елі» деген атауы бар Оңтүстік Африканың аспанында теңгедей бұлт болмады. БРИКС елі ретінде Оңтүстік Африка мен бұл ежелгі құрлық енді жаңа өміршеңдік күш пен қуатын тасқындатпақшы. Болашақта Қытай мен Оңтүстік Африка сияқты БРИКС-тің басқа елдері аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, ортақ дами бермек. Қытай бүкіл адамзатпен бірге аспанға көтерілуге асығады.

Ғарышкер Тан Хунбо түсірген фото

Перу үстіртінің астындағы ақ көбік атып жатқан мұхит бейне мыңдаған жылдар бойы өткен өмірдің толқуларын егжей-тегжейлі баяндайтын сияқты. Шалқар мұхиттың астындағы суық ағындар теңіз бетіне қарай көтеріліп, теңіз түбіндегі тұнбаны бетіне қалқытып шығарады. Ол қалқымалардың ішіндегі қоректік заттар көптеген организмдердің таптырмас азығы. Перу балық алаңы осы өңірде туып-өскен адамдарды мыңдаған жылдар бойы асырап келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото