Қытайдың «Z ұрпағы» жаһандық сәнді белгілейтін болады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек

2021 жылдың 15 мамырында Қытай халықаралық студенттік сән апталығында «Қытай өнер академиясының дизайн және өнер мектебі 2021 сән дизайнының дипломдық жұмыс конференциясы» атты алғашқы сән көрсетілімінде модельдер өз жұмыстарын көрсетті.

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қыркүйек күні  АҚШ «Fashion Business» веб -сайтының мақаласында Қытайдың «Z ұрпағының» әлеуетті тұтыну қуаты орасан зор деп жазды. Алдағы бірнеше жылда бұл буынның салтанатты сән өнімдерін сатып алу тәсілі әлемдік сән-салтанат индустриясының қарқынын анықтайды.

Батыстағы құрдастары сияқты, олар да «Цифрлық тұрғындар». Сондықтан шынайы және виртуалды өмірді ажыратуға көп уақыт жұмсамайды әрі олар жаңалыққа, даралық пен шындыққа өте құмар. McKinsey Компаниясының мәліметіне сәйкес, «Z ұрпағы» 1990 -ыншы жылдардың аяғы мен осы ғасырдың бірінші онжылдығында дүниеге келген, бұл Қытай халқының шамамен 15%-ын құрайды. Яғни 210 миллионнан астам адамды біріктіреді. Олар Қытай қоғамы мен экономикасының қарқынды дамыған кезінде ержетті. Жақында Қытайлық жергілікті брендтер елдің өзіне деген сенімділігін арттырды, ал «Z ұрпағы» Қытайдағы ең сенімді ұрпақ болуы мүмкін.

«Fashion Business» Қытайда шығарған жаңа мәліметте -«Қытайдың Z ұрпағының сән тұтыну көзқарасының сыры» ақ түсті кітабында 8600 қытайлыққа сауалнама арқылы тексеру жүргізді. Баяндамада Қытайдың «Z ұрпағы» сән тұлғаларының төрт түрі анықталды: Біріншіден, құр босқа сақтанушылық. Олар қарапайым және байсалды көрінуді қалайды. Әсіресе функционалды киінуге және талғампаз қытай стиліне қызығушылық танытады; екіншіден, жаңашылдық. Олар өздерінің жеке стилін мұқият әрі үлкен қызығушылықпен таңдайды. Әдетте олар жаңа шыққан брендтер мен батыл дизайнға ден қояды; үшіншіден, стильдік сынаққа әуестенушілер. Олар әр түрлі брендтер мен өнімдерді қолданып көреді, өздерінің жеке стилін қалай анықтау керектігін біліп, сән үрдістерінен қадағалап жүреді; төртіншіден, талғампаздық. Олар онша белгілі емес дизайнерлерді жиі таңдайды және минималистік эстетиканы ұстанатын дизайнерді ұнатады. Бұл олардың ерекшеленуге ұмтылысын көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото