Қытайдың экологияны қорғаудың қызыл сызығы өзіндік ерекшелікке ие

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек

2018 жылдан бері Шыңжандағы Құмыл қаласы Шығыс Тяньшань тауларын экологиялық қорғау мен қалпына келтіруді бастады. Олар экологиялық қызыл сызықтарды белгілеу, мал жаюға тыйым салу, қоршап егу сияқты шаралар арқылы біртіндеп экологиялық ортаны қалпына келтірді. Суретте бір топ бұғы-марал Құмылдың шұрайлы жайлымында емін-еркін жайылып жүр.

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл жоспар үш жыл бұрын басталған, оның мақсаты - Қытайдың құрлық пен теңіз аймақтарының төрттен бірін қорғау және жылдам өсу нәтижесінде пайда болған ауа мен судың ластануын болдырмау. Қытай бүкіл ел бойынша әр аймақтарда құрып кету қаупі төнген жануарлар мен олардың мекендеу ортасын қорғау және экологиялық осал аймақтарды қалпына келтіру үшін бір қыдыру экологиялық қорғаудың қызыл сызығын қолданды. Бейжің мен Янцзы өзені жағалауындағы 15 өлке мен қалада 2,4 миллион шаршы шақырымнан астам аумақты қамтитын экологиялық қызыл сызықтарды белгіледі.

Бір айдан кейін Куньминде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Биологиялық көп түрлілік конвенция» (он бесінші) атты тараптардың конференциясы өтпек. Бақылаушылардың айтуынша, бұл кездесу соңғы онжылдықтағы ең маңызды кездесу болуы мүмкін және әр ел қоршаған ортаны қорғаудың жаңа мақсаттары мен кеңістігі туралы келіседі деп күтілуде. Қытай тәжірибесін үйренуге татиды. Штаб-орны Нью-Йоркте орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының жалғасты даму жөніндегі іс-қимыл желісінің атқарушы директоры Шмидт-Трау биологиялық әртүрлілік мәселелерін шешуге бағытталған ауқымды және өршіл күштердің бірі ретінде Қытайдың экологиялық қорғанысының қызыл сызығы бүкіл әлемде ерекшеленетінін айтты. Дүние жүзі елдері бұл тәжірибеден үйренуге және биоәртүрлілік мақсаттарға жетудің оңтайлы стратегияларын жасауға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото