Ауғанстандағы Талибан: Мемлекеттік университеттердегі кейбір пәндер жойылады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Кабулдағы Қытай орталық радио және телеарнасының репортерлік станциясының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 12 қыркүйекте Ауғанстанның жоғары білім министрлігінің қызметкері Ауғанстандағы мемлекеттік университеттер болашақта шетелден ауғандық академиялық таланттарды тарту үшін «ислам мен этникалық құндылықтарға қайшы келетін» кейбір пәндерді алып тастайтынын мәлімдеді. Кей ақпараттарға қарағанда, Ауғанстандағы болашақ білім беру жүйесі шариғат заңы бойынша негізделеді.

Ауғанстан жоғары білім министрлігінің міндетін атқарушы Абдул Бақи Хакканидің айтуынша, Ауғанстан болашақта кейбір студенттерді «Ашық» жоспар арқылы шетелге жіберетін болады. Оқу жоспарын түзету сияқты «Дайындық жұмыстары» аяқталғаннан кейін Ауған жеріндегі университеттерінің нақты қайта басталу күні белгілі болады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото