Қытайдың экономикалық әлеуеті жоғары қалаларының рейтингісі белгілі болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 қыркүйек

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 8 қыркүйек күнгі Ұлыбритания Рейтер-інде басылған мақалада былай деп жазды. Алдағы бірнеше жылда Economist Intelligence Unit (EIU) берген мәліметте Қытай экономикалық өсу әлеуеті жоғары қалалар тізімінде, алдыңғы 10 қаланың ішінде, 6-ншы орынды иеленген Бейжіңнен басқа қалалар Шығыс және Оңтүстік Қытайда орналасқан. Ханчжоу, Шэньчжэнь, Гуанчжоу, Шанхай және Чжухай қалалары алдынғы бестікке кірсе, Сучжоу, Хэфэй, Нанкин мен Нинбо қалалары 7-10 орынға жайғасты.

Economist Intelligence Unit (EIU) -ң мәліметіне сәйкес, Гуандун, Цзянсу және Чжэцзянға орналасқан қалалар Қытайдың 2021-2025 жылдар аралығында технологияға негізделген өсу үлгісін қабылдаудан пайда көреді деп межеленуде. Соның ішінде Ханчжоу, Нанкин, Сучжоу қалалары көптеген дарындыларды өзіне баурауы мүмкін. Үлкен қалалардың маңайына орналасқан Цзясин сынды кішкене қалалар да дамудың жағымды әсері арқасында экономикалық жағынан нәтижелі жұмыс істейтін болады.

Шығыстағы теңіз жағалауындағы қалалардан сырт, Хэфэй, Ухань, Чэнду, Чжэнчжоу сынды ішкі құрылықтағы қалалар да алдыңғы 20 қаланың ішінен бой көрсетті. Бұл қалалар жоғары сапалы инфрақұрылымға, әлеуметтік қызмет көрсетуге, іскерлік және тұрмыстық шығындардың салыстырмалы түрде төмен болуына байланысты, еңбекші-мигранттар мен кәсіпкерлерді өзіне баурай алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото