Жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру – жұңхуа ұлтының таяу заманнан(1840-1919 жылдар аралығы) бергі ең ұлы арманы

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

Си Цзиньпиннің «Гүлдену жолы» көрмесінде сөйлеген сөзі.

«Гүлдену жолы» атындағы бұл көрме жұңхуа ұлтының кешегісін еске түсірді, бүгінгісін әйгіледі, ертеңін анық аңғартты, ел жұртқа үлкен өнеге көрсетті және терең ой салды. Қытай ұлтының кешегісін «Өр асу, құрыш қамал деме әсте өте алмас»(Мао Цзэдун:«Чин Ыны еске алу. Лоушань асуы», «Мао Цзэдун өлеңдері». -«Ұлттар» баспасы, 2010 жыл. -56-бет)деген сөзге жинақтауға болады. Таяу заманнан кейін жұңхуа ұлтының тартқан ауыр тауқыметі, қисапсыз құрбандығы әлемдік тарихта сирек кездеседі. Алайда Қытай халқы әр кез мойымастан, үздіксіз қайраттана күрес жасап, ақыры тағдырын өз қолына алып, өз елін көркейтудей ұлы үрдісті бастап, отаншылдықты өзек еткен ұлы ұлттық рухты жан-жақты әйгіледі. Жұңхуа ұлтының бүгінін «Дүние заңы осылай, бұл қоғам тағы өзгермек»(Мао Цзэдун:«Жеті сөзді ырғақты өлең. Халық азаттық армиясының Наньжіңді алуы», «Мао Цзэдун өлеңдері». -«Ұлттар» баспасы, 2010 жыл. -85-бет)деген сөзбен бейнелеуге болады. Реформа, ашық есік саясатын ұстанғаннан бастап, біз тарихи тәжірибелерді қорытындылап, тынбай ізденістер жасап, жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыратын дұрыс жолды ақыры тауып, әлем мемлекеттерін жалт қаратқан жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жол – Қытай үлгісіндегі социализм жолы. Жұңхуа ұлтының ертеңін «Күндердің бір күнінде дауыл тұрып, толқынды бұқтырамын соған мініп» ( Ли бай:«Қиын-ақ сапар жолы жүрген жанға» үш шумақтың бірінші шумағы, Ли Бай, 701-762, ата-мекені Лұңшидың Чыңжи, қазіргі Ганьсу өлкесіндегі Жиңниңның оңтүстік-батысында, туған жері Мяньжоудың Чаңлұң , қазіргі Сычуаньдағы Жяңйоудың оңтүстігі. Басқа деректерде ол Сұябта Таң дәуіріндегі Аньши басқақтығына қарайды, қазіргі Қырғызстанның солтүстігіндегі Тоқмақ қаласының маңында туылған деген сөз бар. Таң дәуірінің ақыны)деген сөзбен бейнелеуге болады. Апиын соғысынан(Апиын соғысы – 1840 жылдан 1842 жылға дейінгі Англияның Қытайға жасаған шапқыншылық соғысы. 1840 жылы Қытай апиынға қарсы тұрғандықтан, Англия үкіметі саудагерлерді қорғаймыз деген желеумен Қытайға әскер жіберіп, шапқыншылық жасайды. Қытай армиясы Гуаңдуі және Гуаңши генерал-губернаторы Линь Цзэсюдің басшылығында қарсылық көрсетеді. Гуаңдуң халқы өз еркімен Англияға қарсы қарулы топ құрып, Англияның шапқыншы армиясына соққы береді. Фуцзянь мен Чжэцзян халқы да Англияға қарсы тұру күресіне өз еріктерімен қатысады. 1842 жылы Англия армиясы Чаңжяңға сұғанақтық жасап кіріп, Чиң үкіметін Англия шапқыншыларымен Қытайдың таяу заман тарихындағы тұңғыш теңсіз келсім – «Наньжің келісіміне» қол қоюға мәжбүр етті)бергі 170 жылдан астам тынбай күрес жасаудың арқасында жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуінің жарқын болашағы әйгіленді. Біз қазір кез келген тарихи кезеңмен салыстырғанда, жұңхуа ұлтының ұлы гүлдену нысанасына анағұрлым таяп қалдық, тарихтағы қандайда бір дәуірмен салыстырғанда, осы нысананы жүзеге асыруға сеніміміз кәміл.

Өткенді еске алғанда, бүкіл партиядағы жолдастар мешеуліктен қорлық көретінін, дамудың әлеуеттендіретінін есте берік сақтауы керек. Қазірге зер сала қарағанда, бүкіл партиядағы жолдастар жолдың тағдырды белгілейтінін, дұрыс жол табудың қаншама машақатты екенін біле тұра, осы жолдан ешқашан ауықтымай алға баса беруі керек. Болашаққа көз жібергенде, партиядағы жолдастар жобаны шындыққа айналдыруда әлі де ұзақ жол жүруге, машақатты құлшыныс жасауға тура келетінін есте берік сақтауы тиіс.

Адамның бәрінде мұрат, мақсат, арман болады. Қазір жұрттың бәрі Қытай арманын талқылап жатыр, меніңше, таяу заманнан бергі ең ұлы арман – жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру. Бұл арман қытайлықтардың қаншама ұрпағының асыл арманын бір арнаға тоғыстырып, жұңхуа ұлты мен Қытай халқының жалпы мүддесін әйгілейтін, әрбір жұңхуа ұландарының ортақ арманы. Тарих бізге әрбір адамның болашағы мен тағдырының мемлекет пен ұлттың тағдырымен тығыз байланыста болатынын ұғындырды. Мемлекет, ұлт жақсы болса, бәрімізге де жақсы болады. Жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру – даңықты да машақатты іс. Ол бірнеше ұрпақ қытайлықтардың ортақ құлшынуын қажет етеді. Құр сөз елді тоздырар, іскерлік елді оздырар. Осы ұрпақ коммунистері алдыңғыға мұрагер, кейінгіге бұйдагер болып, партиямызды ойдағыдай көркейтіп, жұңхуа ұландарын ынтымақтастыра отырып, мемлекетті көркейту, ұлтты көркейту, жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуі сынды нысанасына қарай ұдайы ерлікпен алға басуы керек.

Мен ҚКП құрылғандығының 100 жылдығына дейін жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнату нысанасын сөзсіз жүзеге асырып, жаңа Қытай құрылғандығының 100 жылдығына дейін бай да құдіретті, демократиялы, өркениетті, жарасымды социалистік модернизацияланған ел құратынымызға, жұңхуа ұлтының ұлы гүлдену арманын жүзеге асыра алатынымызға кәміл сенемін.

(2012 жыл, 29 қараша) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото