Реформа, ашық есік саясаты тоқтаусыз жүргізіле береді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

Си Цзиньпиннің ҚКП XVIII кезекті ОК Саяси бюросының үшінші ұжымдық үйренуін басқарған кезде сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Реформа, ашық есік саясаты ұзаққа жалғасады, тереңдей береді, сондықтан оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра беруіміз қажет. Социалистік нарықтық экономика жөніндегі реформа беталысына, мемлекеттің сыртқа бағытталған ашық есік саясаты сынды негізгі саясатына табанды болып, бұрынғыдан да зор саяси жігермен және ақыл-парасатпен маңызды салалардағы реформаларда орайды қолдан бермей, партия XVIII құрылтайы нұсқаған реформа, ашық есік саясаты беталысымен үдере алға басуымыз керек.

Тарих, шындық, болашақ бір-бірімен сабақтасып жатады. Тарих – бұрынғы шындық, шындық – болашақтағы тарих. Партияның XVIII құрылтайында белгіленген реформа, ашық есік саясаты жөніндегі келелі жоспарларды ойдағыдай тиянақтандыру үшін реформа, ашық есік саясатының бел-белестерін мұқият еске алып және терең қорытындылап, реформа, ашық есік саясатының тарихи қажеттілігін анағұрлым жыға танып, реформа, ашық есік саясатының заңдылығын анағұрлым саналы игеріп, реформа, ашық есік саясатын тереңдетудегі келелі жауапкершілігімізді неғұрлым батылдықпен арқалауымыз керек.

Реформа, ашық есік саясатының табысты тәжірибелерін мұқият қорытындылауымыз және одан пайдалануымыз керек. Біріншіден, реформа, ашық есік саясаты – үлкен төңкеріс, оны дұрыс бағдардан жазбай, дұрыс арманмен алға ілгерлету керек.

Бағдар мәселесінде ерекше сергек болып, социалистік жүйенің өзін-өзі кемелдендіруі мен өзін-өзі дамытуын үздіксіз қолдап, Қытай үлгісіндегі социализм жолынан ауытқымауымыз керек. Екіншіден, реформа, ашық есік саясаты – бұрынғылар істеп көрмеген жаңа іс, дұрыс әдістемеден жазбай, тәжірибелік іздену барысында тоқтаусыз алға ілгерілету керек. Жолсыздан жол табу – Қытайдың жағдайына үйлесетін Қытай үлгісіндегі реформа әдісі. Жолсыздан жол табу – заңдылық жөнінде ізденіс жасап, тәжірибе барысында дұрыс таным қалыптастыру. Жолсыздан жол табу мен жоғары деңгейде жобалауды күшейту – диалектикалық бірлікте болады, ішінаралық, кезеңдік сипат алатын реформа, ашық есік саясатын ілгерілету жоғары деңгейдегі жобалауды күшейтуді алғышарт етеді. Жоғары деңгейдегі жобалануды күшейту ішінаралық, кезеңдік сипат алатын реформа, ашық есік саясатын ілгерілету негізінде жобаланады. Макролық ой жүгірту мен жоғары деңгейдегі жобалауды күшейтуде реформаның жүйелілігіне, тұтастығына, сәйкестілігіне баса мән берумен бірге, жүректілікпен сынақ жүргізуге, батылдықпен инновацияға үздіксіз дем беріп, реформа, ашық есік саясатын үздіксіз тереңдетуіміз керек. Үшінші, реформа, ашық есік саясаты – жүйелі инженерия, мұнда жан-жақты реформа жүргізуге табанды болып, түрлі реформаларды өзара сәйкестіру барысында ілгерілетуіміз керек. Реформа, ашық есік саясаты – терең әрі жан-жақты қоғамдық өзгеріс, реформаның мейлі қайсысы болсын, түгел басқа реформаларға күшті ықпал етеді, сонымен бірге реформаның бір түрі басқа реформалардың өзара сәйкесуін қажет етеді. Сондықтан түрлі реформалардың бір-бірін қолдауына, өзара тиімді ықпал жасауына анағұрлым мән беріп, тұтас тұлға бойынша ілгерілетіп, түйінді түрде жаңалық ашып, реформа, ашық есік саясатын ілгерілететін біріккен құдіретті күш қалыптастыруымыз керек. Төртіншіден, тұрақтылық – реформа мен дамудың алғышарты, мұнда реформаның, дамудың, тұрақтылықтың бірлігіне табанды болу қажет. Қоғам тұрақты болғанда ғана реформаны, дамуды үздіксіз ілгерілетуге болады;реформаны, дамуды үздіксіз ілгерілеткенде ғана қоғамның тұрақтылығы берік негізге ие болады. Реформаның, дамудың қарқынын және қоғамның көтерімділік деңгейін бірлікке келтіруге табанды болып, халық тұрмысын жақсартуды реформа, даму, тұрақтылықтың қатынасын дұрыс шешудің ұштасу түйіні ету керек. Бесінші, реформа, ашық есік саясаты – жалпы халықтың өз ісі, мұнда халықтың жасампаздық рухына құрмет етуге табанды болып, партияның басшылығынан жазбау керек. Реформа, ашық есік саясаты таным және тәжірибеде жеткен әр табысымыз бен дамуымыздың, реформа, ашық есік саясаты барысындағы әрбір жаңа заттың жарыққа шығуы мен дамуының, реформа, ашық есік саясатының түрлі тарапындағы тәжірибелердің жаратылуы мен топтасуының бәрі де жалпы халықтың тәжірибесі мен ақыл-парасатының арқасында келген. Реформа, даму, тұрақтылық міндеті ауырлаған сайын, партияның басшылығын онан әрі күшейтуіміз және жақсартуымыз, партияның халық бұқарасымен етене байланысын нығайта түсуіміз, дұрыс саражол, бағыт, саясаттарды алға қоюымыз және дәйектілендіру арқылы халықтың алға басуына жетекшілік етуге, халықтың тәжірибелік жасампаздығы мен даму талабына қарай саяси қуаттамаларды кемелдендіруге шебер болып, реформа, даму жетістіктерінен барша халықты анағұрлым мол, анағұрлым әділ игіліктендіріп, реформа, ашық есік саясатының бұқаралық негізін бекемдей түсуіміз керек.

Реформа, ашық есік саясаты жүргізіле береді, ол аяқталмайды. Реформа, ашық есік саясаты болмаса, Қытайдың бүгіні де, ертеңі де болмақ емес. Реформа, ашық есік саясаты барысындағы қайшылықтарды реформа, ашық есік саясаты әдісімен ғана шешуге болады. Партияның XVIII құрылтайының рухын жан-жақты дәйектілендіріп, Дэн Сяопин теориясын «үшке өкілдік ету» маңызды идеясын, дамуға ғылыми көзқарасты жетекші етуге табанды болып, халық бұқарасының реформа, ашық есік саясатын тереңдету жөніндегі күшті аңысы мен көкейкесті тілегіне белсене үн қатып, қоғамдық ортақ таным қалыптастырып, әр сала, әр буындағы реформаны сәйкесті ілгерілетіп, реформа, ашық есік саясаты істерін алға бастыруға құлшынуымыз керек.

(2012 жыл, 31 желтоқсан) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото