Ашық экономика деңгейін жоғарылатайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

Си Цзиньпиннің Боао Азия форумының(Боао Азия форумы – үкіметтік емес, пайданы мақсат етпейтін, мерзімді, орны тұрақты халықаралық ұйым. 2001 жылы 27 ақпанда Қытайдың Хайнань өлкесіндегі Боаода ресми құрылған. Форум теңдік, өзара тиімділік, ынтымақтастық және тең игіліктенуді негізгі мақсат етіп, Азияны тиянақ етіп, Азия елдері арасындағы экономикалық ауыс-түйісті, сәйкестілікті және ынтымақтастықты қолдайды. Сонымен бірге әлемді бетке алып, Азия мен дүниежүзіндегі басқа өңірлердің диалогын және экономикалық байланысын күшейтеді) 2013 жылғы симпозиумына қатысқан қытайлық және шетелдік кәсіпкерлердің өкілдерімен кеңесіндегі баяндамасының маңызды түйіні.

Қытай экономикасының даму болашағы зор, Қытай реформа, ашық есік саясатын табанды ілгерілетіп, даму тәсілінде жедел бетбұрыс жасап, ашық саясатын табандылықпен жүргізіп, шетел кәсіпорындарына бұрынғыдан да тамаша орта және жағдай жасайды, Қытайдың дамуы дүниежүзіне орасан зор үлес қосады.

Кәсіпкерлер – жұмыстануға және байлық жаратуға жол ашатын маңызды күш, даму мен ынтымақтастықты жебейтін жалынды күш, сондай-ақ форумға қатысатын негізгі тұлға. Сіздер, Азияның және дүниежүзінің экономикалық дамуына маңызды ықпал жасайсыздар, осы орайда мен баршаңыздың пікірлеріңізді тыңдап, сіздермен пікір алмасуға әзірмін.

Қазіргі таңда әлемдік экономика әлі де өте тұрақсыз, тиянақсыз болып отыр, қайта жандану – бұраң әрі ұзақ барыс. Азия экономикасының артуы біршама қарқынды, осындай жағдайда сіздер Қытай экономикасының болашағына ерекше назар аударып отырсыздар, мен өз көзқарасымды айта кетейін.

Қытайдың даму жағдайы жалпы алғанда жақсы. Қытай бұдан былай едәуір ұзақ уақытқа дейін дамудың өрлеу кезеңінде тұрады, өнеркәсіптену, ақпараттану, қала-қалашықтану, ауыл шаруашылығының модернизациялануы ішкі нарықтың өрісін кеңейте түседі. Қоғамдық өндіргіш күштердің негізін бекемдейді, өндіріс факторларының жалпылық басымдылығын көрнектілендіреді, түзіліс механизмдерін үздіксіз кемелдендіреді. Біз «қос жүз жылдық» күрес нысанасын белгіледік, жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру сынды Қытай арманын алға қойдық. Осы нысаналарды жүзеге асыру Қытай экономикасына сарқылмас өміршеңдік қуат және қозғаушы күш береді. Біздің құлшынуымыздың арқасында, экономиканың едәуір жоғары қарқынды сақталуы әбден мүмкін. Қытай дамуды қолдаудың күш салу түйінін сапа мен өнімділікті жоғарылату жағына аударып, жасыл, айналмалы, төмен көміртекті дамуды қолдауға күш салады.

Қытайдың нарық ортасы әділ. Қытайдың ішкі өлкелерінде тіркелген барлық кәсіпорындар – Қытай экономикасының маңызды құрамдас бөлігі. Біз социалистік нарықтық экономика бағдарынан ауытқымай, заңмен басқару құрылысын үздіксіз күшейтіп, инвестиция ортасын белсене жақсартып, түрлі кәсіпорындардың өндіріс факторларынан заң бойынша тең пайдалануын, экономика бәсекесіне әділ қатысуын, тең дәрежеде заңның қорғауында болуын құлшына жүзеге асырып, Қытайдың нарық ортасының анағұрлым әділ, анағұрлым тартымды болуына мүмкіндік жасаймыз. Біздің шетел инвестициясын пайдалану саясатымыз өзгермейді, шетелдік кәсіпкерлердің инвестициялық кәсіпорындардың заңды құқық-мүддесін заң бойынша қамтамасыз етеміз.

Қытайдың есігі қашан да ашық. Өткен он жылда Қытай дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі уәдесін толық орындады, саудалық орта онан әрі ашық ұсталды және жүйеге түсірілді. Қытай ашық экономиканың деңгейін зор көлемде, салаларда, анағұрлым ішкерлей өрістетеді. Қытайдың қақпасы әр елдің инвесторларына ұдайы ашық ұсталады, шетел қақпаларының да Қытайдың инвесторларына онан әрі ашық ұсталуын үміт етеміз. Біз кез келген формадағы қорғанымпаздыққа батыл қарсы тұрамыз, қатысты елдермен арадағы экономика-сауда алауыздықтарын кеңесу арқылы лайықты шешуге, тепе-тең, ортақ игіліктенетін, дамуға мән беретін көп жақты экономика-сауда түзілісін орнатуды белсене қолдауға пейілміз.

Қытайдың дамуы дүниежүзіне, әсіресе көрші елдерге тиімді. 2012 жылы Қытайдан Шығыс Азия мен Оңтүстік Азиядағы елдерге саяхаттай барғандар 15 миллион 760 мың адамға жетті. Қытай Азия экономикасының артуына маңызды үлес қосты. Алдағы бес жылда, Қытай 10 триллион АҚШ доллары шамасында тауар импорт еткелі отыр, сыртқа инвестиция шығару үрдісі де біршама тез артады, біз айналамыздағы елдермен өзара барыс-келісті күш сала ілгерілетіп отырмыз, осы шаралардың бәрі осы өңірдің және әлем экономикасының артуына аса зор үлес қосады.

Қытай реформа, ашық есік саясатына табанды болу сенімінен ауытқымайды, саясаты барынша кемелдене түседі. Біз қызмет ету қабілетіміз бен деңгейімізді үздіксіз жоғарылатып, әр ел кәсіпкерлерінің Қытайда инвестиция қосып, шаруашылық жүргізуіне бұрынғыдан да тамаша орта және жағдай жасап береміз. Әр ел кәсіпкерлерінің Қытайдағы мүмкіндікті онан әрі жақсы игеріп, кәсіпорындарын дамыта түсуін үміт етеміз.

(2013 жыл, 8 сәуір) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото