Елді, үкіметті, қоғамды заңмен басқаруды біртұлғаландыруға табанды болайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

Си Цзиньпиннің партия XVIII кезекті ОК Саяси бюросының төртінші ұжымдық үйренуін басқарғанда сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнату елді заңмен басқаруға анағұрлым жоғары талаптар қойды. Біз партия XVIII құрылтайының рухын жалпы беттік дәйекті тиянақтандырып, Дэн Сяопин теориясын, «үшке өкілдік ету» маңызды идеясын, дамуға ғылыми көзқарасты жетекші етіп, заңды ғылыми жолмен шығаруды, заңды қатаң атқаруды, әділ жүргізуді, жалпы халықтың заңға бойсұнуын қолдап, елді заңмен басқаруды, билікті, әкімшілікті заң бойынша жүргізуді қолдауға, елді, үкіметті, қоғамды заңмен басқаруға табанды болып, елді заңмен басқаруда үздіксіз жаңа жағдай жаратуымыз керек.

Елімізде Конституцияны жетекші еткен Қытай үлгісіндегі социалистік заң жүйесі қалыптасты, мемлекетіміз бен қоғамдық тұрмысымыздың барлық жақтарында жалпы тұлғалық жақтан бойсұнатын заң болу жүзеге асты, бұл біздің қол жеткізген келелі табысымыз. Тәжірибе – заңның негізі, заң тәжірибенің дамуына ілесе дамиды. Заң шығару жобасын кемелдендіріп, заң шығарудағы түйіндерді көрнектілендіріп, заң шығаруға, заңға өзгеріс енгізуге, заңның күшін жоюға тең мән беруге табанды болып, заң шығарудың ғылымилану, демократиялану деңгейін, заңның бағыттамалылығын, қолма-қолдығын, жүйелілігін жоғарылату керек. Заң шығару қызмет механизмі мен тәртібін кемелдендіріп, бұқараның заң шығаруға тәртіппен араласу арналарын кеңейтіп, барлық жақтың пікіріне толық құлақ салып, заңның экономикалық, қоғамдық дамудың талаптарын дәл аңыс етіп, мүдде қатынастарын онан ары жақсы сәйкестіруіне, заң шығарудың жетектеу және жебеу рөлін сәулелендіруіне мүмкіндік жарату керек.

Конституция мен заңдардың атқарылуын күшейтіп, социалистік заң-жүйенің бірлігін, абыройын, беделін қорғап, адамдар заңға қайшылық жасауды қаламайтын, заңға қайшылық жасай алмайтын, заңға қайшылық жасауға бата алмайтын заңмен басқару ортасын қалыптастырып, заңға бойсұнуды, заңды қатаң атқаруды, заңға қайшылық жасағандарды қатаң тексеруді жүзеге асыру керек. Әкімшілік органдар заң мен заңнамаларды атқаратын негізгі тұлға, олар заңды бастамашылықпен қатаң атқаруы, әлеуметтік мүддені, халықтың құқық-мүддесін және қоғамның тәртібін қорғауы керек. Заңды атқарушылар заңға сөзсіз адал болуы тиіс. Әр дәрежелі басшылық органдар мен басшы кадрлар заңмен басқару ой желісі мен тәсілінен пайдалану жағындағы қабілеттерін жоғарылатып, реформа жөніндегі ортақ танымдарын заңмен басқару жолымен шоғырландыруға көп күш жұмсап, даму қимылдарын жүйеге түсіріп, қайшылықтарды шешуді қолдап, қоғамның жарасымдылығын қамтамасыз етуі керек. Заң атқару қимылдарын бақылауды күшейтіп, заң атқару қимылдарына заңсыз килігуді батыл аластау, жергілікті қорғанымпаздық пен тараулық қорғанымпаздықтан батыл сақтану және оны жою, жемқорлық жайттарын батыл жазалап, лауазымды міндетті мойнына алса, оның жауапкершілігі болатынын білу, заң бұзушылыққа жол берсе, міндетті түрде жауапқа тартылу керек.

Біз халық бұқарасының әрбір заң ісінен әділдікті, әділеттілікті көре алуына мүмкіндік жасауды алға қойдық, барлық әділет органдары қызметтерін осы нысананы төңіректей отырып жақсартуы, әділдігіне ықпал жасайтын және әділдік қабілетті шектейтін тамыры тереңде жатқан мәселелерді түйінді шешуі керек. Әділетті халық үшін жүргізуге табанды болып, әділет қызметінің стилін жақсартып, қызу ынтамен қызмет көрсету арқылы бұқараның соттасуы қиын болу мәселесін шын мәнінде шешу, әсіресе қиыншылығы бар бұқараның заңды құқық-мүддесін қорғауына заңды көмек көрсету қарқынын үдету керек. Әділет қызметкерлері бұқарамен тығыз байланыс жасап, әділетті жария ұстау қарқынын арттырып, халық бұқарасының әділдігі, жариялылығы жөніндегі назары мен тілектеріне жауап беруі керек. Сот, прокуратура органдарының сот жүргізу, прокуратура құқығын заң бойынша дербес, әділ жүргізуін шын мәнінде қамтамасыз ету керек.

Кез келген ұйымның немесе жекенің әрекеті Конституция мен заңдардың көлемінен шықпауы, кез келген азамат, қоғамдық ұйым, мемлекет органы түгел Конституция мен заңдар әрекет өлшемі етіп, құқық-мүддесін немесе билігін Конституция мен заңдар бойынша жүргізуі, борыш немесе міндеттерін Конституция мен заңдар бойынша етуі керек. Заң-жүйе жөніндегі үгіт-тәрбиені өрістетіп, тұтас қоғамда социалистік заңмен басқару рухын сәулелендіріп, жалпы халықты заңға бойсұнуға, мәселені заң арқылы шешуге жетелеп, заңға бойсұну даңқ дейтін тамаша ауқым қалыптастыру керек. Заң-жүйе жөніндегі тәрбиені заңмен басқару тәжірибесімен ұштастыруға табанды болып, заңмен жөнге салу қимылын кеңінен өрістетіп, қоғамдық басқарудың заңмен басқару тәжірибесімен ұштастыруға табанды болып, заңмен жөнге салу қимылын кеңінен өрістетіп, қоғамдық басқарудың заңмен басқару арнасына түсу деңгейін жоғарлату керек. Елді заңмен басқаруды елді моральмен басқарумен ұштастыруға табанды болып, заңмен басқару құрылысын мораль құрылысымен, заңға бойсұнуды өзін-өзі тежеумен тығыз ұштастырып, заңмен және моральмен басқарудың бірін-бірі толықтауын, бірін-бірі қолдауын жүзеге асыру керек.

Партиямыз – билік басындағы партия, билікті заң бойынша жүргізуге табанды болу елді заңмен басқаруды жаппай қолдау жөнінен маңызды рөл атқарады. Партияның басшылығын, халықтың қожайын болуын, елді заңмен басқаруды тығыз ұштастыруға табанды болып, партияның басшылығын елді заңмен басқаруды тұтас барысында дәйектілендіру керек. Әр дәрежелі партия ұйымдары әрекеттерінің Конституция мен заңдардың көлемінен шықпауына табанды болуы керек. Әр дәрежелі басшы кадрлар бастамашылықпен істі заң бойынша істеуі, заңға бастамашылықпен бойсұнуы керек. Әр дәрежелі ұйымдастыру тараулары істі заң бойынша істеген-істемеген, заңға бойсұнған-бойсұнбаған кадрларды тексерудің, саралаудың маңызды шарты етуі керек.

(2013 жыл, 23 ақпан) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото