Мемлекеттің мәдениет «Жұмсақ күшін» арттырайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

Си Цзиньпиннің партия XVIII кезекті ОК Саяси бюросының он екінші ұжымдық үйренуін басқарғанда сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Мемлекеттің мәдениет бағдарламалық күшін арттыру «қос жүз жылдық» күрес нысанасы мен жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуі сынды Қытай арманының жүзеге асуымен қатысты. Социалистік озық мәдениетті сәулелендіру, мәдениет түзілісі реформасын тереңдету, социалистік мәдениеттің барынша дамуы мен барынша гүлденуіне дем беру, тұтас ұлттың мәдениет жасампаздық, өміршеңдігін күшейту, мәдениет істерінің жаппай гүлденуін, мәдениет индустриясының тез дамуын ілгерілету, халықтың рухани дүниесін үздіксіз байыту. Рухани күш-қуатын арттыру, мәдениеттің жалпы тұлғалық нақты қуаты мен бәсекелік қуатын ұдайы күшейту, мәдениетті көркейген социалистік ел болу нысанасына қарай үздіксіз ілгерілеу керек.

Мемлекеттің мәдениет жұмсақ күшін арттыру үшін мемлекеттің мәдениет жұмсақ күшінің негізін нығайтуға күш салу керек. Қытай үлгісіндегі социалистік мемлекеттің даму жолынан жазбай, мәдениет түзілісі реформасын тереңдету, социалистік өзекті құндылық жүйесі жөніндегі үйренуді, тәлім-тәрбиені өрістету, мұрат, сенім тәрбиесін жаппай қанат жайдыру, ұлттық рухты және дәуір рухын барынша сәулелендіру, мәдениет істерінің жаппай дамуына, мәдениет индустриясының тез дамуына дем беру керек. Еліміздегі мәдениет құрылысының негізін бекемдеудегі маңызды қызметтердің бірі іске идея-моральды мықты игеруден, қоғамдық салтты игеруден, әрбір адамды игеруден басталады. Еліміз халқының ұзақ уақыттық тәжірибе барысында жетілдірген және қалыптастырған дәстүрлі тамаша моральдық қасиетіне мұрагерлік ету және оны сәулелендіру, марксизмдік, социалистік мораль көзқарасына табанды болу, қауызын тастап, дәнін алу, жалғанын тастап, шынын алу негізінде ертедегіні бүгінгіге пайдалануға, ескіні жаңалауға табанды болып, жұңхуаның дәстүрлі тамаша моралінің жасампаздықпен жаңалануына, дамуын жүзеге асыруға құлшынып, адамдарды моральды дәріптеуге, моральға құрмет етуге, бойсұнуға ұмтылатын тұрмысқа жетелеу, 1,3 млрд халықтың әрбіреуін жұңхуаның тамаша моралін, жұңхуаның мәдениетін үгіттейтін негізгі тұлғаға айналдыру керек.

Мемлекеттің мәдениет жұмсақ күшін арттыру үшін осы замандағы Қытайдың құндылығын күш сала үгіттеу керек. Заманымыздағы Қытайдың құндылығы – Қытай үлгісіндегі социалистік құндылық, ол Қытайдың озық мәдениетінің алға басу беталысына өкілдік етеді. Еліміз Қытай үлгісіндегі социализм жолымен сәтті жүріп келеді, біздің жүрген жолымыздың, теориялық жүйеміздің табысты болғанын тәжірибе дәлелдеді. Сұрыптауды және байымдауды күшейтіп, сыртқа бағытталған үгіттік таралымдар мен тасымалдауларды ұлғайтып, заманымыздағы Қытайдың құндылығын халықаралық қарым-қатынастың және үгіттің әр тарапына сіңіру керек.

Қытай арманын үгіттеуді және оны пайымдауды заманымыздағы Қытай құндылығымен тығыз ұштастыру керек. Қытай арманы Қытай халқының және жұңхуа ұлтының құн жөніндегі танымы мен ізденісін, жаппай дөңгелек дәулетті қоғам орнатып, жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыратын, барлық адам Қытай арманы жолында күрес жасау барысында өз арманын жүзеге асыратындығын, жұңхуа ұлтының ынтымақтаса отырып күрес жасаудағы ең үлкен бөлгішін, жұңхуа ұлтының күллі адамзаттың бейбітшілігі мен дамуына зор үлес қосатын шын ниетін білдіреді.

Мемлекеттің мәдениет жұмсақ күшін арттыру үшін жұңхуа мәдениетінің өзгеше құдіретін әйгілеуге күш салу керек. Бес мың жылдан астам уақыттық өркениеттің дамуы барысында, жұңхуа ұлты бай мазмұнды, шұғылалы мәдениет жаратты, жұңхуа ұлтының ең негізгі мәдениет тегін осы заманғы мәдениетпен, осы заманғы қоғаммен сәйкестіріп, бұқара қуана тыңдап, құмарта көретін, адамдар кең көлемді қатысатын тәсілдермен жалпыластырып, уақытпен жарысып, халықаралық мәңгі тартымды, баурағыш, заманауи құнға ие мәдениет рухын сәулелендіру, дәстүрлі, таңдаулы мәдениетке мұрагерлік етумен бірге, дәуір рухын сәулелендіретін, өз елімізді тиянақ еткен әрі дүниежүзіне бейімделген осы замандағы Қытайдың мәдениет жасампаздығы жетістіктерін сыртқа тарату керек. Дәстүрлі мәдениет байлығын жүйелі ретке салып, патша сарайында сақталған мәдениет мұраларын, байтақ даланың қойнауында жатқан мұраларды, байырғы кітапқа жазылған дүниелерді түгелдей жандандыру керек. Адамды жөн-жосынмен, мәдениетпен, моральмен иландырып, сыртқа бағытталған мәдениет ауыс-түйісінің деңгейін өсіріп, гуманитарлық ауыс-түйіс механизмін кемелдендіріп, гуманитарлық ауыс-түйіс тәсілін жаңалап, бұқаралық, топаралық, тұлғааралық ақпарат құралдарынан пайдаланып тарату сияқты түрлі тәсілдерден жан-жақты пайдаланып, жұңхуа мәдениетінің құдіретін әйгілеу керек.

Еліміздің елдік образын орнатуға назар аудару, Қытайдың тарихи негізі мығым, көп ұлт, көп негіз біртұлғаланған, мәдениеті алуан түрлі әрі жарасым тапқан өркениетті ірі елдік образын, саясаты айқын, экономикасы дамыған, мәдениеті гүлденген, қоғам орнықты, халқы берекелі, табиғаты көркем шығыстағы ірі елдік образын, бейбіт дамудан жазбайтын, бірге дамуды қолдайтын, халықаралық әділдік пен әділеттілікті қорғайтын, адамзатқа үлес қосатын, жауапкершілігін арқалай білетін ірі елдік образын, сыртқа есікті айқара ашқан, анағұрлым бауырмал, үмітке толы, өміршеңдігі күшті социалистік ірі елдік образын түйінді түрде әйгілей білу керек.

Мемлекеттің мәдениет жұмсақ күшін арттыру үшін халықаралық пікір алмасу құқығының деңгейін өсіруге күш салу тиіс. Халықаралық үгіт қуаты құрылысын күшейтіп, сыртқа бағытталған пікір алмасу жүйесін ден қоя қалыптастыру, жаңа жарық көрген газет-журналдардың рөлін ойдағыдай сәулелендіріп, сыртқа бағытталған пікірдің жасампаздық қуатын, баурау қуатын, әлеуметтік сенімділігін күшейтіп, Қытай хикаясын жақсы айтып, Қытай үнін жақсы таратып, Қытай ерекшелігін ойдағыдай байымдау керек. Қытай халқы мен жұңхуа ұлтының таңдаулы мәдениетін, даңқты тарихын ұнамды жақтан үгіттеуді күшейтіп, мектеп тәрбиесі, теориялық зерттеу, тарихи зерттеу, кино, телетуынды, әдеби туынды сияқты түрлі тәсілдермен отаншылдық, ұжымшылдық, социалистік тәрбиені күшейту арқылы еліміз халқын тарих, ұлт, мемлекет, мәдениет жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға және оған табанды болуға жетектеп, қытайлықтардың қажыр-қайратын күшейту керек.

(2013 жыл, 30 желтоқсан)

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото