Социалистік құндылықтарды жетілдірейік және сәулелендірейік

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 қыркүйек

Си Цзиньпиннің партия XVIII кезекті ОК Саяси бюросының он үшінші ұжымдық үйренуін басқарғанда сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Социалистік өзекті құндылықты жетілдіруді және сәулелендіруді жігер-қайратты тасқындатудағы, негізді бекемдеудегі негіздік инженерия етіп, жұңхуа ұлтының таңдаулы дәстүрлі мәдениеті мен дәстүрлі асыл қасиетіне мұрагерлік етіп және оны сәулелендіріп, социалистік өзекті құндылық жөніндегі үгіт-тәрбиені кең көлемді өрістетіп, адамдарды моральды дәріптеуге, моральға құрмет етуге, бойсұнуға белсене жетелеу, өскелең мораль, ұлы мұрат орнатуға талпыну, Қытай үлгісіндегі социализмнің идеялық, моральдық негізін үздіксіз бекемдеу керек.

Өзекті құндылық – мәдениет жұмсақ күшінің жаны, мәдениет жұмсақ күші құрылысының түйіні. Бұл – мәдениеттің сипаты мен беталысын белгілейтін ең маңызды фактор. Бір елдің мәдениет жұмсақ күші, түбірінен алғанда, оның өзекті құндылығының өміршеңдік қуатын, ұйыстыру қуатын, баурау қуатын белгілейді. Өзекті құндылықты жетілдіру және сәулелендіру қоғамдық сананы өнімді тоғыстырады, ол – қоғамдық жүйенің қалыпты айналымға түсуінің, қоғам тәртібінің өнімді қорғалуының маңызды жолы, сондай-ақ мемлекетті оңау жүйесі мен басқару қабілетінің маңызды жағы. Баурау қуаты аса мығым өзекті құндылықты қалыптастырудың қоғамның жарасымдылығына, тұрақтылығына, мемлекеттің баянды тыныштығына қатысты болатынын тарих та, шынайы өмір де дәлелдеп отыр.

Социалистік өзекті құндылықты жетілдіру және оны сәулелендіру үшін жұңхуаның таңдаулы дәстүрлі мәдениетін тиянақ ету керек. Мызғымас өзекті құндылықта өзіндік бекем негіз болады. Дәстүрден безу, түп негізді жоғалту – өзінің рухани күретамырын кескендік. Жұңхуаның мазмұны бай, мәні терең таңдаулы дәстүрлі мәдениеті – біздің әлемдік мәдениет толқынында табан тіреп тұруымыздың түп негізі. Тарихы ұзақ жұңхуа мәдениетіне жұңхуа ұлтының өсіп-өнуіне, дамуына, кемелденуіне сарқылмас нәр береді. Жұңхуаның дәстүрлі асыл қасиеті – жұңхуа мәдениетінің жауһары, онда мол идеялық, моральдық байлық қамтылған. Тегін ұмытпағанда ғана, болашаққа жол ашуға, шеберлікпен мұрагерлік еткенде ғана, анағұрлым ойдағыдай жаңалық ашуға болады. Тарих, мәдениет жөнінде, әсіресе алдыңғылардың құндылық пен мораль өлшемі жөнінде ертедегіні бүгінгіге пайдалану, ескісін тастап, жаңасын қабылдау, саралау тұрғысынан қарап, артықшылықтарына мұрагерлік етіп, халықты жұңхуа ұлтының барлық рухани байлығынан сусындатуға және онымен тәрбиелеуге құлшыну керек.

Жұңхуаның таңдаулы дәстүрлі мәдениетінің тарихи қайнарын, даму жүйесін, негізгі беталысын, жұңхуа мәдениетінің өзгеше жасампаздығын, құндылығын, айқын ерекшелігін анық түсіндіріп, мәдениет жөніндегі сенім мен құндылық жөніндегі сенімді нығайту керек. Жұңхуаның таңдаулы дәстүрлі мәдениетінің идеялық мәйегі мен моральдық жауһарын мұқият қабылдап, отаншылдықты ұйытқы еткен ұлт рухын, реформа мен инновацияны ұйытқы еткен дәуір рухын барынша сәулелендіріп, жұңхуаның таңдаулы дәстүрлі мәдениетінің қайырымдылықты дәріптейтін, ұлттық негізді құрметтейтін, сенімділікті сақтайтын, әділеттілікті қастерлейтін, жарасымдылықты қорғайтын, береке-бірлікке талпынатын дәуірлік құнын барынша ашып және оны байымдап, жұңхуаның таңдаулы дәстүрлі мәдениетінің социалистік өзекті құндылығын қорғайтын маңызды қайнарға айналуына мүмкіндік жасау керек. Мұрагерлік ету мен жасампаздықпен дамытудың қатынасын ойдағыдай біржақты етіп, жасампаздықпен жаңалау, жасампаздықпен дамыту істерін түйінді түрде жақсы істеу керек.

Социалистік өзекті құндылықты қоғамдық тұрмыстың барлық саласына сіңіру керек. Жетекшілік етіп тәрбиелеу, бұқаралық үгіт, мәдениетпен баулу, тәжірибе барысында жетілдіру мен қамтамасыз ету арқылы социалистік өзекті құндылықты іштей адамдардың рухани талпынысына, сырттай саналы әрекетіне айналдыру керек. Өнегенің құдіреті шексіз, партия мүшелері мен кадрлар социалистік өзекті құндылықты бастамашылықпен үйреніп және сәулелендіріп, өздерінің өнегелі қимылы мен өскелең қасиеттері арқылы бұқараны шабыттандырып, бұқараны алға бастай білуі керек. Социалистік өзекті құндылықты үйренуді қаршадайдан, мектептен бастап игеріп, оны оқулыққа енгізіп, дәрісханада оқытумен ұштастырып, ой-санаға сіңіру керек. Көктемдегі жауған жаңбырмен тіршілікке жан кірген. Әр алуан мәдениет формаларынан пайдаланып, социалистік өзекті құндылықты образды, нақты бейнелеп, жоғары сапалы, жоғары деңгейлі туындылар арқылы бұқараға шыншылдықтың, ізгіліктің, әсемдіктің, жасандылықтың, пасықтықтың не екенін, нені құптау, нені мадақтау, неге қарсы тұру, нені теріске шығару керектігін ұғындыру керек.

Бір түрлі құндылықтың рөлін шынайы сәулелендіру үшін оны қоғамдық тұрмыспен тоғыстырып, халыққа тәжірибе барысында шынайы сезіндіру және аңғарту керек. Қуаттамамызды халықтың күнделікті тұрмысымен тығыз байланыстырып, терең, жіңішкелікпен, шынайы тиянақтандыруға баса мән беруіміз керек. Социалистік өзекті құндылықтың негізгі талабына сай, әр кәсіп, әр саланың ереже-жүйесін ақаусыздандырып, қала тұрғындары ережесі, ауыл ережесі, оқушылар ережесі сяқты әрекет өлшемдерін кемелдендіріп, социалистік өзекті құндылықты халықтың күнделікті қызметте, тұрмыста ұстанатын өлшеміне айналдыруға мүмкіндік жасау керек. Салт-саналық тәртіп орнатып және оны жүйелендіріп, әр алуан формадағы атап өту, құттықтау қимылдарын өткізіп, негізгі ағымдық құнды жалпыластырып, халықтың мұраттастық және қарастылық сезімін күшейту керек. Социалистік өзекті құндылықтың талаптарын рухани өркениет құру қимылдарымен ұштастырып, бұқараны кең көлемде атсалысуға шақырып, бұқараны отбасының бақыты үшін құлшынуға, өзгелерге мейір бағыштауға, қоғамға үлес қосу барысында рухани санасын өсіріп, өркениетті салт қалыптастыруына қозғаушылық ету керек. Түрлі мүмкіндіктерді пайдаланып, социалистік өзекті құндылықты жетілдіруге және оны сәулелендіруге пайдалы тұрмыстық жағдай мен қоғамдық орта қалыптастырып, өзекті құндылықтың ықпалын бейне қажетті ауадай шартарапқа тарату керек.

Саясаттың жетекшілік рөлін сәулелендіріп, экономика, саясат, мәдениет, қоғам сияқты жақтардағы саясаттың социалистік өзекті құндылықты жетілдіруге тиімді болуына мүмкіндік жасау тиіс. Өзекті құндылық құрылысын заң арқылы ілгерілету керек. Түрлі қоғамдық басқаруда социалистік өзекті құндылықты дәріптеу жауапкершілігін арқалап, күнделікті басқаруда құндылықтың жетекшілік рөлін әйгілеуге баса мән беріп, өзекті құндылыққа үйлесетін әрекеттерді қолдап, оған қайшы келетін әрекеттерді тежеу керек.

(2014 жыл, 24 ақпан ) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото