Си Цзиньпин 14-ші мемлекеттік спорттық жарыстың ашылу салтанатына қатысып, спорт жарысының басталғанын жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қыркүйек

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық Республикасының 14-ші мемлекеттік спорт жарыстары 15 қыркүйектің кешінде Шэньси өлкесінің Сиань қаласында салтанатты түрде ашылды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет Төрағасы, Орталық әскери көмитеттің төрағасы Си Цзиньпин ашылу салтанатына қатынасты және спорт жарыстарының басталғанын жариялады.

Ашылу салты басталмас бұрын, 15 қыркүйектің түстен кейінгі уақытында Шэньси құрылтай сарайында Си Цзиньпин бұқаралық спорттың мемлекеттің озық бөлімшелерінің өкілдерімен, озат жеке өкілдермен, мемлекеттік спорт жүйесінің алдыңғы ұжымдарымен, алғабасар жұмысшылардың өкілдерімен, Токио Олимпиадасына қатысқан Қытайлық спорт делегациясының спортшылар және жаттықтырушылар өкілдерімен кездесті, және барлығымен топтық суретке түсті.

Си Цзиньпин барлық өкілдермен емен-жарқын әңгімелесе отырып, оларды еңбек етуге және жаңа табыстарға жетуге шабыттандырды.

14-ші мемлекеттік спорт жарыстары 27 қыркүйекте аяқталады. 12 000-нан астам спортшы түрлі жарыстарда бәсекеге түседі, ал 10 000-нан астам бұқаралық спортшылар бұқаралық шараларға қатысады.

Мемлекеттік спортшылар жарыстары - «Цюань юньхуэй» деп аталатын Қытай Халық Республикасының мемлекет көлемінде ұйымдастырылатын спорт ойындарының жарыстары болып саналады. Wushu (Қытайша kung fu)-дан өзге мазмұндары негізінен Олимпиада ойындарымен бірдей. Бастапқы мақсаты – жас талаптарды жетілдіру және еліміздің олимпиадалық стратегиясына таланттарды іріктеу. Мемлекеттік спорт жарыстары әр төрт жыл сайын бір рет ұйымдастырылады, әдетте Олимпиада ойындарының алды-артында өтеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото