«Бейбітшілік миссиясы-2021» бірлескен әскери жаттығулар алғашқы бірлескен дайындық жаттығуларын өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қыркүйек

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» --«Бейбітшілік миссиясы-2021» ШЫҰ терроризмге қарсы бірлескен әскери жаттығуларына қатысатын әр түрлі елдердің қатысушы сарбаздары 14 қыркүйекте Ресейдің Орынбор облысында алғашқы бірлескен дайындық жаттығуларын сәтті өткізді. Бірлескен дайындық жаттығу аймағына келген әр түрлі елдердің қатысушы әскерлері тығыз ынтымақтасып, бірге күресе жүріп, терроризмге қарсы науқанның нақты жауынгерлік әрекеттерін белгіленген мерзімде аяқтады. Алдын ала барлап нысананы дәл тұрақтандыру; қарулы күштер соққылауға жасырынып орай күту; жаяу әскерлер жауынгерлік машинасы мен шабуыл машиналары қорғаныс алаңына қарай жылжу сияқты бірлескен дайындық жаттығулар сәтті жүргізілді.

Дайындық жаттығуларынан Ресейдің Орталық әскери аймағы командирінің орынбасары Петров жаттығуларға қорытынды жасады. Ол алғашқы бірлескен дайындық жаттығулары салыстырмалы түрде жақсы сәйкесулерге қол жеткізді деп санайды. Ал барлық тараптардың мұқият дайындалуының арқасында, соңғы жаттығу толық табысқа жетеді деп есептейді.

Ресми жаттығулар басталғанға дейін әр түрлі елдердің қатысушы әскерлері кемінде үш рет бірлескен дайындық жаттығуларын өткізетіні хабарланды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото