Қытайдың «Шэньчжоу-12» әлем кемесі жершарына оралды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 қыркүйек

17 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы 17 қыркүйек сағат 13:37–де «Шэньчжоу-12» басқарылатын ғарыш аппараты жерге сәтті оралып, өз миссиясын табысты аяқтады. Қазірге дейін «Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлер ғарыш станциясында 90 күн бойы тұрақтап, кешенді жұмыс істеді. Осы бір рет ұшу миссиясында Қытайлық ғарышкерлер ғарыш кеңістігінде ұзақ болу уақыты бойынша рекорд орнатты.

Жерге оралу алдында ғарышкерлер жердегі ғылыми-техникалық қызметкерлермен бірлесе отырып, эвакуация алдындағы тапсырмаларды орындады. Мысалы, ғарыш станциясының құрастыру күйін белгілеу, эксперименттік мәліметтерді сұрыптау және жүктеу, орбиталық материалдарды тазалау және жеткізу.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото