Елімізді интернет жағынан құдіретті елге айналдыруға құлшынайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қыркүйек

Си Цзиньпиннің орталық интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру басшылық тобының бірінші мәжілісінде сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру – мемлекеттің қауіпсіздігі мен дамуына, халық бұқарасының қызметі мен тұрмысына қатысты келелі стратегиялық мәселе, сондықтан халықаралық және ел ішіндегі үлкен ауқымға қарай жалпы тұлғалық жақтан орналастыру жасап, әр тарапты біртұтас жоспарлап, жасампаздықпен дамытып, елімізді интернет жағынан құдіретті елге айналдыруға құлшыну керек.

Бүгінгі дүниеде IT төңкерісі күн сайын түлеп, ай сайын жаңаланып, халықаралық саясат, экономика, мәдениет, қоғам, әскери істер сияқты салалардың дамуына зор ықпал етуде. Ақпараттандыру мен экономиканың жаһандануы бірін-бірі қолдап, интернет қоғамдық өмірдің барлық саласына кірігіп, жұрттың өндіріс, тұрмыс тәсіліне үлкен өзгеріс ала келді. Осы алып толқында тұрған елімізде оның ықпалы күн сайын тереңдеп барады. Елімізде интернет және ақпараттандыру қызметі көрнекті даму нәтижелеріне қол жеткізді, интернетті бүгінде барлық отбасы қолданады, интернет қолданушылар саны жағынан дүниежүзі бойынша бірінші орынды иеленді әрі еліміз интернет саласында іргелі елге айналды. Сонымен бірге, біз мынаны да көре білуге тиіспіз:біз дұрыс инновацияда әлі де салыстырмалы түрде арттамыз, өңірлік және қала мен ауыл арасындағы айырмашылық біршама көрнекті, әсіресе WB адам басына тура келу мөлшері халықаралық озық деңгейден әлі де біршама алшақ, елімізде интернеттің дамуындағы кедергілер әлі де біршама көрнекті.

Интернет қауіпсіздігі мен ақпараттандыру бір елдің көптеген салаларына ықпал көрсетеді, мұнда біз дөп келіп отырған жағдай мен міндетті айқындап, бұл қызметті ойдағыдай істеудің маңызы мен көкейтестілігін жыға танып, жағдайға қарай жобалап, ауқымға қарай әрекет жасап, ыңғайына қарай іс істеуіміз керек. Интернет қауіпсіздігі мен ақпараттандыру бейне қос қанат, жетектің екі тісі іспетті, сондықтан оны біртұтас жоспарлау, орналастыру, ілгерілету, атқару керек. Интернет қауіпсіздігі мен ақпараттандыру қызметін ойдағыдай істеуде, қауіпсіздік пен дамудың қатынасын ойдағыдай біржақты етіп, тең сәйкестіріп, жаппай ілгерілету, қауіпсіздік арқылы дамуды, адам арқылы қауіпсіздікті қолдау, баянды қауіпсіздік жағдайын, баянды оңау жағдайын қалыптастыруға құлшыну керек.

Интернеттегі БАҚ пікір қызметін жақсы істеу – ұзақ уақыттық міндет, интернеттегі үгітте жаңалық ашып және оны оңап, интернетте тарату заңдылығы бойынша негізгі әуенді сақтата жырлап, белсенді күштерді ынталандырып, социалистік өзекті құндылықты белсене жетілдіріп және оны тәжірибеде көрнектілендіріп, интернеттегі БАҚ-қа жетекшілік етудің сәт сағатын, қарқынын, өнімділігін мықты игеріп, интернет кеңістігін кіршіксіздендіру керек.

Интернет ақпараттарды ешқандай шекарасыз жеткізіп отырады, ақпарат айналымы техника ағысы, инновация ағысы, дарынды ағысына бастамашы болады, ақпарат ресурстары барған сайын маңызды өндіріс факторына және қоғамдық байлыққа айналып келеді, ақпаратты игерудің аз-көптігі мемлекеттің жұмсақ күші мен бәсекелік қуатының маңызды белгісіне айналып отыр. IT мен индустрияның даму деңгейі ақпараттанудың даму деңгейін белгілейді, сондықтан өзекті техникада дербес инновацияны және инфрақұрылымды күшейтіп, ақпарат топтау, біржақты ету, тарату, одан пайдалану және оның қауіпсіздігін сақтау қуатын жоғарылатып, халық тұрмысына зор тиімділік жасау керек.

Интернет қауіпсіздігі болмаса, мемлекеттік қауіпсіздік те болмайды, ақпараттану болмаса, модернизация да болмайды. Интернет саласында құдіретті ел болу үшін, өзіміздің сенімді, тіпті күшті техникамыз болуы; мол, жан-жақты ақпараттық қызмет көрсетуімз, гүлденіп-көркейген интернет мәдениетіміз болуы; ақпарат саласында тамаша инфрақұрылымымыз болуы; сол арқылы нақты қуаты мығым ақпарат экономикасын қалыптастыруымыз; жоғары сапалы интернет қауіпсіздігіміз және ақпараттанған дарындылар қосынымыз болуы; интернет саласында екі тарапты, көп жақты халықаралық ауыс-түйіс жасалып, ынтымақтастық орнатуымыз керек. Интернет саласында құдіретті ел болу стратегиялық орналастыруын «Қос жүз жылдық» күрес нысанасымен қатар ілгерілетіп, интернет инфрақұрылымын негізінен жалпыластыру, дербес инновация қуатын көрнекті арттыру, ақпарат экономикасын жаппай дамыту, интернет қауіпсіздігін пәрменді түрде қамтамасыз ету нысанасына қарай үздіксіз ілгерілеуіміз керек.

IT, интернет техникасын зерттеу және дамыту жөнінен жан-жақты стратегия белгілеп, ғылым-техника жетістіктерін өндіргіш күшке айналдыру мәселесін шешуге барынша күш салу керек. Кәсіпорындардың дамуын қолдау саясатын шығарып, оларды техникалық инновацияның, ақпарат саласын дамытудың негізгі тұлғасына айналдыру керек. Заң шығару жобасын жасауды мықты игеріп, интернеттегі ақпараттардың мазмұнын басқару, шешуші ақпарат инфрақұрылымын қорғау жағындағы заң және заңдамаларды кемелдендіріп, интернет кеңістігін заңмен басқарып, азаматтардың заңды құқық-мүддесін қорғауы керек.

Интернет саласында құдіретті ел болу үшін, дарындылар ресурсын топтап, саяси жақтан сенімді, кәсіпке жетік, стилі жақсы құдіретті қосын құру керек. «Мың сарбаз табу оңай, бір сардар табу қиын» (Ма Жы-юань: «Хань ордасындағы күз». Ма Жы-юань шамамен 1250-1324, Ханбалық қаласынан, қазіргі Бейжің. Юань әулеті тұсында өмір сүрген драматург)дегендей, дүниежүзілік деңгейдегі ғалымдарды, интернет ғылым-техникасы жағындағы көшбасшы дарындыларды, үздік инженерлерді, жаңалық ашатын жоғары деңгейлі қосынды жетілдіру керек.

Орталық интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру басшылық тобын шоғырландырып, біртұтас басқару рөлін сәулелендіріп, әр саланың интернет қауіпсіздігі мен ақпараттандыруға қатысты келелі мәселелерін біртұтас жоспарлап және сәйкестіріп, мемлекеттің интернет қауіпсіздігі және ақпараттандыру істерін дамыту стратегиясын, оның макролық жобасын және маңызды саясаттарын жасап және атқарып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін үздіксіз күшейтуі керек.

(2014 жыл, 27 ақпан) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото