Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы жалпы сессиясына қатысып, маңызды сөз сөйледі

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 21-қыркүйекте мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы жалпы сессисына видео арқылы Бейжіңнен қатысып, «Сенімді нығайтып, қиындықтарды жеңіп, көрікті әлемді бірге құрып шығайық» атты маңызды сөзін сөйледі.

Си Цзиньпин мыналарды атап көрсетті:

Биыл Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл және Қытай Халық Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы заңды орнының қалпына келтірілуіне 50 жыл толды, Қытай бұл тарихи оқиғаны ұлықтап еске алады. Біз Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығын белсенді түрде жаңа деңгейге көтеруді жалғастырамыз және Біріккен Ұлттар Ұйымының игілікті ісіне жаңа және үлкен үлес қосатын боламыз.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде індет әлі де жалғасуда, сондықтан да адамзат қоғамы түбегейлі өзгерді. Әлем жаңа турбулентті өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Әрбір жауапкершілігі бар саясаткер уақыттың сұрақтарына жауап беріп, тарихи таңдауды сенімділікпен, батылдылықпен және жауапкершілікпен қабылдауы керек.

Біріншіден, біз індетке қарсы тұрып, адамзаттың болашағы мен тағдырына қатысты осы ірі шайқаста жеңіске жетуіміз керек. Адамзат үнемі сынақтарды жеңе отырып зор даму мен прогреске қол жеткізеді. Біз халықты және өмірді қастерлеуге табанды болып, ғылыми рухты насихаттап, ғылыми көзқарасты ұстануға, ғылыми заңдылықтарға бойсынуға, эпидемияның алдын алу мен бақылауды және экономикалық қоғамның дамуын үйлестіруге, халықаралық бірлескен алдын алу мен бақылауды күшейтуге тиіспіз.

Екіншіден, біз экономиканы жандандыруға, әлемнің қуатты, жасыл және салауатты дамуына күш қосуға, сондай-ақ жаһандық тепе-теңдіктің дамуының, үйлестірілуінің және инклюзивтіліктің жаңа сатысына шығуын бірге ілгерілетуге тиіспіз. Мынадай жаһандық даму бастамаларын алға тартуға болады: Біріншісі, дамуға басымдық беруде табанды болу. Екіншісі - халықты орталық етуде табанды болу. Үшіншісі - инклюзивті болуда табанды болу. Төртінші-инновацияға негізделуде табанды болу. Бесінші - адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін талап ету. Алтыншысы, іс-әрекеттің бағыттамалығына табанды болу.

Үшіншіден, біз бірлікті нығайтып, өзара сыйластық пен ұтымды ынтымақтастық туралы халықаралық қатынастар тұжырымдамасын жүзеге асыруға тиіспіз. Бейбіт түрде дамып келе жатқан дүниеде өркениеттің әртүрлі формалары болуы керек және модернизацияның әр түрлі жолдарымен үйлесімді жүре білу керек. Демократия ешбір елдің патенті емес, барлық елдің халқының құқығы. Сыртқы әскери күштердің араласуы мен демократиялық трансформацияның зияны орасан зор.

Төртіншіден, біз жаһандық басқаруды жетілдіріп, нағыз көпжақты саясатты қолдануымыз керек. Әлемде бір ғана жүйе бар, ол - БҰҰ–ны өзек еткен халықаралық жүйе. Бір ғана тәртіп бар, ол халықаралық құқыққа негізделген халықаралық тәртіп. Бір ғана ережелер жиынтығы бар, ол - БҰҰ жарғысының мақсаттары мен принциптеріне негізделген халықаралық қатынастардың негізгі нормасы.

Си Цзиньпин сөз соңында әлем тарихтың тоғысында тұрғанын, адамзаттың бейбіт дамуы мен прогресс тенденциясы тоқтамайтынына сенімді екенін баса айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото