Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммының айналымы анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек
Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммының айналымы анықталды

Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммының айналымы анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус штамдарының айналымын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой-дың айтуынша, Eta "Нигерия" штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1). Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, "Eta" штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша "Eta" штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдарға жатады. 

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады.Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID-19 вакцинациясының аяқталған курсы", - деді Цой.

Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото