Америкада COVID-19 эпидемиясы 2019 жылдың қыркүйек айында әлдеқашан басталып таралған

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қыркүйекте Қытай Ғылым Академиясының ғылыми және технологиялық мақалалар шығарылым алдындағы платформасы (ChinaXiv) үлкен деректерді талдаудың жаңа әдісіне негізделген бақылау мүмкіндігінің нәтижесін жариялады. Бұл жұмыста зерттеушілер жарияланған мәліметтерге және инфекциялық аурулардың үлгілері мен статистикалық әдістерге сүйене отырып, АҚШ-тың кейбір штаттары мен Қытайдың Хубэй өлкесі Ухань қаласы, Чжэцзян өлкесіндегі эпидемияның пайда болу уақытын анықтау үшін оңтайлы модель құрылды.

Америка Құрама Штаттарындағы COVID-19-дың «Ең алғашқы науқасы» 2019 жылдың қыркүйек айының алды-артында пайда болу ықтималдығы жоғары болып табылды. Ал инфекцияның ең ерте алғашқы науқастың 2019 жылы 26 сәуір күні Род-Айлендте пайда болу ықтималдығы 50% болады деген болжам бар. Бұл Америка Құрама Штаттарында 2020 жылы 20 қаңтарында ресми расталған ең алғашқы COVID-19 жұқтырған науқас пайда болды деп жариялаған уақытынан әлде қайда ерте еді.

Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, АҚШ, Испания, Франция, Италия, Бразилия сияқты көптеген елдер Қытайдағы эпидемия бұрық етіп таралмас бұрын вирусты жұқтырған. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото