Конфуций мен Сократтың «Диалогы» - Ву Вэйшань туындысы Грекияның Афина қаласында шымылдығын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт 2021 жылдың 16 қыркүйегінде «Қытай-Грек мәдениеті мен туризм жылының» ашылу салтанатының маңызды шараларының бірі ретінде, Қытайдың Ұлттық өнер мұражайының директоры және мүсіншісі Ву Вэйшань қоладан жасаған «Ғажайып кездесу - Конфуций мен Сократ арасындағы диалог» (бұдан әрі «Ғажайып кездесу») мүсіні Грекияның Афина қаласында ашылды.

Ву Вэйшань «Ғажайып кездесуде» «Диалогты» тақырып етіп, «Еркін мүсіндеу» әдісі арқылы Конфуций мен Сократтың даналығы мен бегзаттығын, рухы мен философиясын ауқымды уақыт пен кеңістік аясында бейнеледі. Қытай мен Грек өркениетінің екі данышпаны араға мың жыл салып идеясы мен рухын пікірлестіргені - Қытай мен Греция өркениеттері арасындағы өзара алмасу мен ортақ даму тұжырымдамасын білдіріп қана қоймай, адамзаттың тағдыры ортақ екендігін де көрсетеді.

Грек үкіметі мүсін қойылатын орынды Афинаның негізгі аумағы саналатын тарихи көне базарға тұрақтандырды. Бұл ежелгі Грек елі үшін пікір алмастыратын маңызды орын болған және Сократтың әйгілі «Шаршы алаңдағы пікірталасы» осында өткен.

«Ғажайып кездесудің» бұл араға орналасуы Грек үкіметінің Қытай көркемөнеріне деген құрметі мен ілтипатын көрсетеді, сонымен қатар Қытай мен Грекияның екі ел арасындағы мәдени алмасуды тереңдетуге деген үлкен үмітін білдіреді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото