Жоңчиу мерекесі кезінде отандық туристердің саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90% -ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қыркүйек
Жоңчиу мерекесі кезінде отандық туристердің саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  90% -ға жетті

23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің хабарлауынша Мәдениет және туризм министрлігі мәліметіне сәйкес және осы министрліктің деректер орталығының есептеуіне қарағанда, 2021 жылы жоңчиу(күз ортасындағы мейрам)мерекесі кезінде ел ішіндегі туристік сапардың жалпы саны 88,159,300 жетіп, 2019 жылғы жоңчиу мерекесінің 87,2%-ын құраған. Ел ішіндегі туризмнен түскен табыс 37.149 миллиард юань болып, ол салыстырмалы түрде 2019 жылғы жоңчиу мерекесінде түскен табыстың 78.6 пайызын құраған.

Әр жерде аймақтық және салт-дәстүрлік ерекшеліктері бар мәдени және туристік өнімдер шығарыла бастады. Ал мұражай мен мәдени орталық сияқты мәдени және туристік орындар туристер көп баратын танымал орындарға айналды.

Мәдениет және Туризм министрлігі турагенттіктердің, онлайн -турфирмалардың шетелден келу және шетелге шығу командалық саяхатын және «әуе билеттері + қонақ үй» қызметтерін әлі қалпына келтірмегенін мәлімдеді. Қытайда індет себебінен орташа және жоғары қауіпті аймақтар деп танылған өлкелер (аумақтар, қалалар) үшін турфирмалар мен онлайн-туристік компаниялар аймақтар арасындағы командалық турлар мен «әуе билеттері + қонақ үй» қызметтерінің жұмысын тоқтатты.

Сонымен қатар, барлық аймақтағы туризмнің түгелдей дерлік салаларында эпидемияның алдын алу мен бақылауды қатаңдату ережесін енгізеді. Ал турагенттіктер өз командаларының санын қазіргі жағдайға сәйкес белгілейді. Барлық мәдени және туристік бөлімшелер өз қызметкерлерінің денсаулығын бақылау мен басқаруды күшейтеді. Туристік орындарға қойылатын «келушілер санын шектеу, алдын ала тапсырыс беру және кезек ауысу» талаптары қатаң түрде орындалуы шарт.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото