Қытай 100-ден астам ел мен халықаралық ұйымдарға «COVID-19» вакцинасының 1,2 миллиард дозасы мен қор ерітіндісін берді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 қыркүйек

24 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь 23 қыркүйек күні қазірге дейін Қытай 100-ден астам ел мен халықаралық ұйымға 1,2 миллиард доза «COVID-19» вакцинасы мен қордың ерітінділерін бергенін айтты. Әрі 150-ден астам ел мен 14 халықаралық ұйымға эпидемияға қарсы материалдық көмек көрсетілді. Қытай сонымен қатар БҰҰ-ның әр мекемелерінің эпидемияға қарсы күресте тиісті рөл атқаруына белсенді түрде қолдау көрсетеді.

Хабарларға сәйкес, жақында Қытай көмекке атаған «COVID-19» вакцинасы Буркина-Фасо, Кот-д'Ивуар, Кения сынды Африка елдеріне жетті. Камбоджа мен Кубаға да Қытайдан медициналық құралдар жеткізілді.

Чжао Лицзянь бұл Қытайдың әлемнің басқа елдерімен достық қарым-қатынасы мен терең достығының қуатты дәлелі ғана емес, сонымен бірге біздің барлық тараптармен ынтымақтастығымыздың және қиындықтарды бірге жеңудің шынайы бейнесі екенін айтты. Тиісті елдер мен халықаралық ұйымдар Қытай берген вакциналар мен материалдар эпидемиямен күресуде және адамдардың денсаулығын қорғауда белсенді және маңызды рөл атқарған «Дер кезінде жауған жаңбырға» ұқсайтынын мәлімдеді.

Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы жалпы сессиясында Төраға Си Цзиньпин вакциналарды жаһандық ортақ өнімге айналдырып, дамушы елдерде қамту пен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ең бастысы вакциналарды бүкіл әлемге әділ және үйлесімді бөлу керектігін, сонымен қатар Қытай ағымдағы жылда сыртқа 2 миллиард доза вакцина беруге тырысатынын, «COVID-19 вакцинасын іске асыру» жоспарына 100 миллион АҚШ долларын көмекке беру негізінде, Қытай осы жылдың ішінде дамушы елдерге тағы 100 миллион доза вакцинаны тегін береді деп айтқанын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото