Қытай Қырғызстанға азық-түлік пен эпидемияға қарсы мәтериялдық жабдықтарды көмекке берді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 қыркүйек

24 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 22 қыркүйек күні Бішкекте Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының Қырғызстанға азық-түлік пен індетке қарсы мәтериялдық жабдықтар жағында көмекке берген заттарын тапсырып алу рәсімі өтті. Оған Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэнь мен Қырғызстанның ресми өкілдері қатысты және материалдарды тапсыру туралы куәлікке қол қойды.

Ду Дэвэн өз сөзінде Қытай мен Қырғызстанның жақсы көршілер мен серіктестер екенін айтты. «COVID-19»-қа қарсы күресте Қытай мен Қырғызстан бір-біріне көмектесіп, шынайы ынтымақтастықта болды, бұл екі ел арасындағы дәстүрлі достықты одан әрі тереңдете түсті. Шыңжаңның Қырғызстанға азық-түлік пен эпидемияға қарсы материалдық көмек көрсетуі Шыңжаңдағы барлық этностар халқының қырғыз халқына деген достығын көрсетеді. Бұл көмектер Қырғызстанның індетпен күресуде, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экономикалық және әлеуметтік дамуында оң рөл атқаратын болады деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото