АИИБ Қытайдың дамушы елдерде жасыл және аз көміртекті энергияны дамытуға қолдау көрсетуін қуаттайды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 қыркүйек

24 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (бұдан әрі – «AИИБ») Қытай халықаралық қоғамдастықтың «Париж келісімінің» мақсаттарына жетуіне демеуші болағанын және жауапкершілікті ірі елдік сипатын көрсеткенін жоғары бағалады. Еске сала кетсек, 21 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы жалпы сессиясына видео арқылы қатысып, маңызды баяндама жасады. Төраға Си Цзиньпин ұсынған жаһандық даму бастамаларында, Қытай 2030 жылға қарай көміртегін бөліп шығарудың жалғасты артпауына, ал 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге ұмтылатынын тағы да қайталап, Қытай дамушы елдерде жасыл және аз көміртегі энергияны дамытуды қолдайтынын, шет елдерде көмір энергетикалық жобаларды ендігәры салмайтынын малімдеген болатын. 

AИИБ президенті Цзин Лицюнь: «Қытай және бүкіл әлем үшін бұл дәуірлік мәні бар маңызды қадам. Бұл қадам басқа дамушы елдерді ығыстырылатын көміртекті азайту жөніндегі жоспарлары мен мақсаттарын қайта қарауға ынталандырады, сонымен бірге халықаралық қоғамдастықтың климаттық күн тәртібін бірлесіп жүзеге асыру үшін жасап жатқан көпжақты құлшынысына сенімділік пен күш береді, Бұл Қытайдың ірі ел ретіндегі батылдығы мен жауапкершілігін көрсетеді» деді.

 «Қытай шетелде көмірмен жұмыс істейтін жаңа электр станцияларын қаржыландыруды тоқтатуға уәде берді, бұл қадам ХХІ ғасырдағы климаттық өзгерістерге қарсы жаһандық құлшынысқа оң әсерін береді». Цзин Лицюньнің айтуынша, әрбір ел мен халықаралық қауымдастықтың климат өзгерісіне қарсы шұғыл әрекетке көшуі, «Париж келісімінің» мақсаттарына жетудің айқын жолы болып табылады.

AИИБ Қытаймен және барлық оған мүше елдермен ынтымақтастықта болып, «Париж келісіміндегі» міндеттемелерді орындауға құлшынып, тұрақты жасыл инфрақұрылымның қалыптасуына демеуші болуға пейілді. Соңғы бес жылда AИИБ Египет, Үндістан, Қазақстан, Мальдив аралдары, Оман, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия және Непалда жаңартылатын энергия көздерінің 12 жобасына инвестиция салды, олардың жалпы инвестициясы 1,25 миллиард АҚШ долларын құрады. 2020 жылы AИИБ-нің климаттың өзгеруін баяулату және оған бейімделу үшін пайдаланатын қаржыландыруы жалпы бекітілген қаржыландырудың 41%-ын құрады.

Өткен жылдың қыркүйегінде AИИБ директорлар кеңесі AИИБ-нің бірінші орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиясын (2020-2030 жж.) қарап мақұлдады және AИИБ миссиясы «Болашаққа бағдарланған инфрақұрылымды» қаржыландыру екенін мәлімдеген. Олардың ішінде жасыл инфрақұрылым AИИБ-нің төрт негізгі инвестициялық аймағының бірі ретінде көрсетілген. Осыған сәйкес, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі климатқа қатысты қаржыландыру бойынша да мақсат қойды, яғни 2025 жылға қарай климаттың өзгеруін қаржыландыру жалпы бекітілген қаржыландырудың 50%-ын құрауы тиіс.

AИИБ-нің жасыл инфрақұрылымды дамытуға бағытталған құлшынысы миллиондаған адамдарға әсер етуде. Ағымдағы жылдың маусым айында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі қаржыландырған Орталық Азиядағы жел энергетикасының ең ірі жобасы “Жаңатас” толық қуатқа қол жеткізіп, желіге сәтті қосылды. Сол жылдың шілде айында Оманның коммуналдық ауқымды күн энергетикасы паркі коммерциялық пайдалануға берілді. Кредиторлар тобындағы жалғыз көпжақты даму банкі болғандықтан, AИИБ жобаны қаржыландыруға 60 миллион АҚШ долларын бөлді, бұл жобаның жалпы құнының шамамен 15%-ын құрайды.

Құрылғалы алты жылдан бері, AИИБ әрқашан жасыл, ұтымды және таза құндылықтарды қолдап келеді. Қазір оның 103 мүшесі бар, олар әлем халқының 79%-ын және ЖІӨ-нің 65% -ын қамтиды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша AИИБ жалпы сомасы 27,5 млрд АҚШ долларынан асатын 138 жобаны мақұлдады, бұл 31 азиялық және экстерриториялық экономикаға пайдасын тигізеді. Болашақта AИИБ Азия мен әлемнің жасыл және тұрақты дамуына көпжақты күштерді қосуын жалғастырады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото