Қазақстандық спортшылар Бейжің қысқы Олимпиадасына дайындалуда

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстан Олимпиада комитетінің Халықаралық департамент директоры Әлімжан Ақаев 24 қыркүйек күні Қазақстанда 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы Паралимпиадаға дайындық қызу жүріп жатқанын айтты және Қазақстан спортшылары Бейжің қысқы Олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетуге тиіс деген үмітін жеткізді.

24 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Қазақстандағы Қытай Елшілігі мен Қазақстан Олимпиада комитеті бірлесіп ұйымдастырған Бейжің 2022 жылғы қысқы Олимпиада мен Паралимпиадаға арналған брифинг өтті. Брифингке Қазақстан Олимпиада комитеті мен Қытай қаржыландыратын кәсіпорындардың өкілдері сынды жүзден астам адам қатысты.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо жазғы Олимпиаданы өткізген, енді қысқы Олимпиаданы да ұйымдастырып жатқан әлемдегі бірінші қала ретінде Бейжің бүгінгі Олимпиада тарихына енетінін айтты. Қытай Бейжің қысқы Олимпиадасын қарапайым, қауіпсіз және қызықты олимпиада етіп өткізетін болады. Қытайдың Қазақстандағы елшілігі Қазақстан делегациясының Қытайға келіп ойын түрлеріне қатысуын жеңілдету үшін Қазақстан Олимпиада комитетімен және басқа да тиісті ұйымдармен ынтымақтаса отырып жұмыс жасайды.

Ә.Ақаев Қазақстан Олимпиада комитеті атынан сөйлеген сөзінде Қазақстанның қысқы ойындарына қатысатын үміткер спортшылар Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына жан-жақты дайындалып жатқанын айтты. Сонымен бірге, Қазақстан Олимпиада комитеті Бейжің қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастықты сақтап отырғанын, қазір барлық қазақстандық спортшылар «COVID-19»-ға қарсы екпе алып болғанын, жалпы дайындықтары ойдағыдай екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото