Еліміздің валюта нарығының тамыз айындағы айналымы тұрақты болды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қыркүйек

26 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік валюта басқармасы жақында еліміздің валюта нарығы тамызда тұрақты болғанын көрсететін мәліметтерді жариялады. Нарық субъектілерінің валюталық есеп айырысуға және сатуға дайындығы негізінен тұрақты, ал негізгі арналардағы трансшекаралық капитал айналымы үйлесімді және ретті.

Мемлекеттік валюта әкімшілігі директорының орынбасары, ақпарат мәлімдемешісі Ван Чуньинның айтуынша, негізгі көрсеткіштердің жағдайынан қарағанда, валюталық есеп айырысу мен банктердің сатылымдары және банктік емес секторлардың кірістері мен шығыстары тамыз айында шамалы профицитін сақтады, Бұл шамалар сәйкесінше 13,6 миллиард АҚШ доллары мен 22 миллиард АҚШ долларын құрайды. Әдетте импорт пен экспорт салыстырмалы түрде жоғары деңгейде жұмыс істегенде тауарлар саудасы белгілі мөлшердегі профицитті сақтайды.

«Тауарлар саудасы мен тікелей инвестициялар әлі де таза капитал кірісінің негізгі баптары болып келеді, бұл отандық экономиканың тұрақты қалпына келуі мен ретті әрі үйлесімді өндірістік жеткізу тізбегінің тіректік рөл атқарып тұрғанын көрсетеді», - деді Ван Чуньин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото