Социалистік экологиялық өркениеттің жаңа дәуіріне қадам басайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қыркүйек

Си Цзиньпиннің партия XVIII кезекті ОК Саяси бюросының алтыншы ұжымдық үйренуін басқарғанда сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Экологиялық ортаны қорғау – бүгінге еңбек, ертеңге игілік. Экологиялық ортаны қорғаудың, қоршаған ортаның ластануын оңаудың жедеқабылдығы мен жапалылығын, экологиялық өркениет құрылысын күшейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін айқын танып, халық бұқарасына, ұрпақтарға өскелең жауапты болу сынды позиция мен жауапкершілікте бола отырып, ортаны ластануын ойдағыдай оңауға, экологиялық ортаны ойдағыдай көркейтуге шындап бел байлап, социалистік өркениеттің жаңа дәуіріне қадам басуға құлшынып, халыққа тамаша өндірістік-тұрмыстық орта жаратып беру керек.

Экологиялық өркениетті көркейту халықтың ырысына, ұлтының болашағына саяды. Партияның XVIII құрылтайы экологиялық өркениет құрылысын Қытай үлгісіндегі социализм істерінің бесті біртұлғаландырған(«Бесті біртұлғаландыру» – экологиялық, экономикалық, саяси, мәдениет, қоғамдық құрылыс)жалпы тұлғалық орналастыруына енгізіп, экологиялық өркениет құрылысын бар күшпен ілгерлетіп, Қытайды көркейтуге құлшынып, жұңхуа ұлтының мәңгі гүлденуін жүзеге асыруды айқын алға қойды. Бұл біздің Қытай үлгісіндегі социализмнің заңдылығы жөніндегі танымымыздың тереңдей түскенін, экологиялық өркениет құрылысын күшейту жөніндегі бекіміміз бен сеніміміздің нығайғанын әйгілейді.

Экологиялық өркениет құрылысын ілгерілету үшін партия XVIII құрылтайының рухын жаппай дәйекті тиянақтандырып, Дэн Сяопин теориясын, «үшке өкілдік ету» маңызды идеясын, дамуға ғылыми көзқарасты жетекші етіп, табиғатқа құрмет ету, табиғатқа үйлесу, табиғатты қорғау сынды экологиялық өркениет танымын орнатып, мемлекеттің ресурстарды үнемдеу және ортаны қорғау сынды негізгі саясатына табанды болып, үнемшілдікті, қорғауды алдыңғы орынға қойып, табиғатты қалпына келтіру бағытынан жазбай, экологиялық таным орнатуға, экологиялық жүйені кемелдендіруге, экологиялық қауіпсіздікті қорғауға, экологиялық ортаны сапаландыруға көп күш жұмсап, ресурстарды үнемдейтін және ортаны қорғайтын кеңістік жүйесін, индустрия құрылымын, өндіріс, тұрмыс тәсілін қалыптастыру керек.

Экологиялық дамудың экологиялық ортаны қорғаумен байланысын дұрыс шешіп, экологиялық ортаны қорғау – өндіріс күштерді қорғау, экологиялық ортаны жақсарту – өндіргіш күштерді дамыту дейтін ұстанымды берік орнатып, жасыл, айналмалы, төмен көміртекті дамуды анағұрлым саналы түрде қолдау керек, бір мезеттік экономикалық артуға бола ортаны құрбандыққа шалуға әсте болмайды.

Жер – экологиялық өркениет құрылысының кеңістіктік тасымалдаушысы. Халық саны, ресурстарды, ортаны өзара сәйкестіру, экономикалық, қоғамдық, экологиялық тиімділікті өзара ұштастыру принципі бойынша, аумақты кеңістікті ашуды біртұтас жобалап, өндіріс, тұрмыс және экологиялық кеңістікті ғылыми орналастырып, табиғаттың қалпына келуіне көбірек мүмкіндік қалдыру қажет. Негізгі тұрғылық функциялық өңір стратегиясын жедел атқарудан ауытқымай, сапалы ашу, тиімді ашу, тежемді ашу, ашуға тиым салу сынды негізгі тұлғалық функциялық ұстанымға қатаң негізделіп, экологиялық қызыл сызық белгілеу және оған қатаң бағыну, қала-қалашықтануды ілгерілетудің, ауыл шаруашылығын дамытудың және экологиялық қауіпсіздіктің ғылыми, үйлесімді жүйесін қалыптастырып, мемлекет пен өңірлердің экологиялық қауіпсіздігіне кепілдік етіп, экологиялық қызмет көрсету қабілетін жоғарылату керек. Экологиялық қызыл сызық көзқарасын берік орнату қажет. Экологиялық ортаны қорғау мәселесінде қылдан таюға болмайды, әйтпесе табиғаттың жазасына ұшыраймыз.

Ресурстарды үнемдеу – экологиялық ортаны қорғаудың түбірлі шарасы. Ресурстарды барынша үнемдеп және ұтымды пайдаланып, ресурстан пайдалану тәсілінде түбегейлі бетбұрыс жасауды жеделдетіп, бүкіл барыста үнемдеп басқаруды күшейтіп, энергия, су, жер жұмсалымын барынша төмендетіп, айналмалы шаруашылықты бар күшпен дамытып, өндіріс, айналым, тұтыну барысының ықшамдалуын, қайта кәдеге жаратылуын, ресурсқа айналуын қолдау керек.

Экологиялық қалпына келтірудің келелі инженериясын атқарып, экологиялық өнімдерді өндіру қуатын нығайту керек. Тамаша экологиялық орта – адам мен қоғамның баянды дамуының түбірлі негізі. Халық бұқарасы қоршаған орта жөніндегі мәселелерге баса назар аударып отыр. Ортаны қорғау мен оңауда бұқараның денсаулығына залал келтіретін ортаға қатысты көрнеу мәселелерді шешуді түйін, алдын алуды негіз етіп, жан-жақты оңап, су, атмосфера, топырақ, т.б. ластанудың алдын алуды және оңауды күшейтіп, түйінді ағарлар мен алаптарда судың ластануынан сақтануды және оңауды, түйінді салалар мен түйінді өңірлерде атмосфераның ластануын оңауды күш сала ілгерілету керек.

Ең қатаң тәртіп орнатып, ең қатаң заңмен басқаруды жолға қойғанда ғана экологиялық өркениет құрылысына сенімді кепіл әзірлеуге болады. Ең бастысы, экономикалық, қоғамдық дамуды тексеру-бағалау жүйесін кемелдендіріп, экологиялық өркениет құрылысының күйін әйгілейтін ресурс тұтынымы, ортаға зиянды, экологиялық тиімділік сияқты көрсеткіштерді экономикалық өркениет құрылысын ілгерлетудің маңызды бағыты мен тізгініне айналдыру керек. Жауапкершілікті тектеу жүйесін орнатып, экологиялық ортамен санаспай көрсоқырлықпен шешім жасап, ауыр зардап тудырған адамдардың жауапкершілігін қатаң әрі түбегейлі тектеу керек. Экологиялық өркениет жөніндегі үгіт-тәрбиені күшейтіп, жалпы халықтың үнемшілдік танымын, ортаны қорғау танымын, экологиялық танымын күшейтіп, экологиялық ортаны аялайтын тамаша салт қалыптастыру керек.

(2013 жыл, 24 мамыр) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото