Қытай мен АҚШ-тың жаңаша ірі елдік қатынасын орнатайық

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қыркүйек

Си Цзиньпиннің АҚШ Президенті Барак Обамамен бірге журналистерді қабылдаған кезде сөйлеген сөзінің маңызды түйіні.

Мен жаңа ғана Президент Барак Обамамен тұңғыш рет кездесіп, өз елдеріміздің ішкі-сыртқы саясаттары, Қытай мен АҚШ-тың жаңаша ірі елдік қатынасы және ортақ көңіл бөліп отырған келелі халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде бүкпесіз, жан-жақты пікір алмастық және келелі ортақ танымға келдік.

Мен Президент Барак Обамаға Қытайдың бейбіт даму жолымен жүруден, реформа, ашық есік саясатынан ауытқымайтын, жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуі сынды Қытай арманын жүзеге асыруға күш салатынын, адамзаттың бейбітшілігі мен дамуы сынды өскелең істі күш сала қолдайтынын ашық айттым.

Қытай арманы – мемлекеттің бай да құдіретті болуын, ұлттың гүлденуін, халықтың бақытқа кенелуін жүзеге асыратын арман, бейбітшілік, даму, селбесу, тең игіліктену арманы, ол АҚШ арманын қамтыған дүниежүзіндегі әр ел халқының асыл арманымен тоғысады.

Президент Барак Обама екеуміз экономика жаһандануының тез дамуы мен әр елдің қиындықтарды бірлесе отырып жеңуінің қажеттілігі алдында Қытай мен АҚШ сынды ірі елдер бір-бірімен қақтығысқан және текетірестік тарихи жолдан басқа жаңа жолмен жүруі тиіс әрі сол жолмен жүре алады деп есептейміз. Екі тарап жаңаша ірі елдік қатынас орнатуға бірге көп күш жұмсап, өзара құрмет етіп, селбесіп, тең игіліктеніп, екі ел халқына және дүниежүзі халқына бақыт жаратуды құптады. Халықаралық қауымдастық та Қытай мен АҚШ қатынасының үздіксіз жақсаруын және дамуын үміт етеді. Қытай мен АҚШ ойдағыдай селбесе, дүниежүзінің тұрақтылығының теңгергіші, дүниежүзі бейбітшілігінің қолдаушысы бола алады.

Екі тарап түрлі жіктегі пікірлесу мен байланысты күшейтіп, өзара түсінісу мен сенімділікті арттыруды құптайды. Президент Обама екеуіміз өзара сапарлау, кездесу, сөйлесу, хат алысу арқылы байланысымызды арттыра түсеміз. Мен Президент Обамаға сәті келгенде Қытайда жаңа кезекті кеңес өткізуге ұсыныс еттім. Президент Обама екеуміз өзара сапарда болуды мүмкіндігінше ертерек іске асырамыз. Екі тарап топтағылары тығыз сәйкесіп, Қытай мен АҚШ-тың жаңа кезекті стратегиялық және экономикалық сұхбатының, гуманитарлық ауыс-түйіс жөніндегі жоғары жіктегілер кеңесінің белсенді табыстарға қол жеткізуіне шынайы кепілдік етеді. Қытайдың Қорғаныс министрі мен Сыртқы істер министрі ұсыныс бойынша АҚШ-та сапарда болады.

Екі тарап экономика, сауда, энергетика, қоршаған орта, гуманитарлық, жергілікті орындар, т.б. барлық салаларда ынтымақтастықты күшейтіп, мүдделердің тоғысу арнасын тереңдетуді;екі ел армиясының қатынасын жақсартып және дамытып, жаңаша әскери қатынас құрылысын ілгерілетуді;макроэкономикалық саясаттың сәйкесуін күшейтіп, екі ел экономикасының даму барысындағы ынтымақтастықтың өрісін кеңейтіп, АТА мен дүниежүзі экономикасының қарқынды, баянды, теңгермелі артуын қолдауды құптайды.

Іс тетігі – адамда. Менің Қытай мен АҚШ-тың жаңаша ірі елдік қатынас орнататынына сенімім кәміл. Бірінші, екі тараптың да жаңаша ірі елдік қатынас орнату саяси тілегі бар. Екінші, екі тарап 40 жылдық ынтымақтастық арқылы екі ел ынтымақтастығына тамаша негіз қалады. Үшінші, екі тарап стратегиялық және экономикалық сұхбат өткізу, гуманитарлық ауыс-түйіс жасау жөніндегі жоғары жіктегілер кеңесі сынды пікірлесу мен байланыс жасаудың 90-нан артық механизімін орындап, жаңаша ірі елдік қатынас орнатуға кепілдік әзірледі. Төртінші, екі тараптың дос өлке-штаттары мен қалалары 220-дан асты. 190 мыңға жуық қытайлық студент АҚШ-та оқып жатыр, АҚШ-тан 20 мыңнан астам студент Қытайда оқуда. Демек, жаңаша ірі елдік қатынас орнатудың кең халықтық негізі дайын. Бесінші, екі елдің болашақтағы ынтымақтастығының мүмкіндігі зор.

Қытай мен АҚШ-тың жаңаша ірі елдік қатынас орнатуы бұрынғылар істеп көрмеген, кейінгілер бастама болған жаңа іс. Қытай мен АҚШ өзара пікірлесуді күшейту, сенімділікті арттыру, ынтымақтастықты дамыту, алауыздықты тежеу барысында жаңаша ірі елдік қатынас орнатуды үздіксіз ілгерілетуі қажет.

Жұңхуа ұлты да, американдықтар да ұлы ұлт, екі ел халқы да ұлы халық. Мен екі тараптың бекімге келіп, сенімін күшейтіп, сабырлылық және парасаттылық танытып, келелі істерге назар аударып, болашаққа көз сала, сондай-ақ шағын істерден бастап, табыстарын молайта түссе, бұл істі орындай алатынына кәміл сенемін.

Қытай – хаккерлік шабуылға ұшырап отырған ел. Сол себептен еліміз интернет қауіпсіздігін батыл қорғайды. Қытай мен АҚШ-тың интернет қауіпсіздігі жөніндегі мүдделері бір. Тараптар Қытай мен АҚШ-тың стратегиялық қауіпсіздік аясында интернет қызметін қорғаудағы жұмыс тобын құруға келісті. Екі тарап күмәннан арылып, ынтымақтастық жасап, интернет қауіпсіздігін Қытай-АҚШ ынтымақтастығының тың табысына айналдыруы тиіс.

(2013 жыл, 7 маусым) 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото