«Шаңхай рухын» сәулелендіріп, бірге дамуға ықпал етейік

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қыркүйек

Си Цзиньпиннің ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің 13-отырысында сөйлеген сөзі.

Құрметті Президент А.Атамбаев!

Құрметті әріптестер!

ШЫҰ-ның Бішкек саммитіне қатынасқаныма айырықша қуаныштымын, төраға ел Қырғызстанның саммиттің сәтті өтуі үшін жасаған құнтты дайындығы мен жан-жақты ұйымдастыруына рақмет айтамын. Бір жылдан бері Қырғызстан осы ұйымның дамуын қолдауда қыруар өнімді жұмыстар істеді, Қытай мұны жоғары бағалайды.

Халықаралық және өңірлік жағдайдағы ең жаңа даму мен өзгерістерге, сондай-ақ мүше елдердің тұрақтылықты қорғау, экономиканы дамыту, халық тұрмысын жақсарту сынды ортақ тілегіне сай, бұл жолғы саммит «ШЫҰ-ға мүше елдердің ұзақ уақыттық тату көршілік, достық ынтымақтастық шартын» тиянақтандыруды негізгі тақырып етті, сондай-ақ осы «Шартты» атқарудың бағдарламасын бекітіп, осы ұйымның алдағы бес жылдағы дамуының ұлы жобасын жасамақшы. Бұл осы ұйымның алдағы даму болашағына кең өріс ашады.

Қазіргі таңда, ШЫҰ-ның дамуы табылмайтын тамаша орайға, әрі қатаң сынға дөп келіп отыр. «Үш түрлі күш» , есірткі саудалау, трансшекаралық қылмыс жасау осы өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп отыр. Халықаралық қаржы дағдарысының ықпалы себебінен әр ел экономикасының дамуы түрлі дәрежеде қиыншылыққа ұшырап, ретке салу және қалпына келу мезгіліне өтті.

Бұл сындарға кез келген бір елдің жеке төтеп беруі қиын. Біз ынтымақтастықты күшейтіп, бірге құлшынуымыз керек. Жоғарыда айтылған жағдайларға орай мен бұл ұйымның мына бірнеше жақтан ынтымақтастықты күшейтуін ұсыныс етемін.

Бірінші, «Шаңхай рухын»(«Шаңхай рухының» мазмұны:бір-біріне сену, бір-біріне тиімділік жасау, терезесі тең болу, өзара ынтымақтасу, алуан түрлі өркениетке құрмет ету, бірге дамуға ұмтылу. 2001 жылы маусымда Цзян Цзэминь ШЫҰ-ның құрылу жиналысында көтерген бұл мәселе «ШЫҰ-ның құрылу жарнамасына» енгізілген)сәулелендіру. «Шаңхай рухын» тиянақтандырып, мүше елдердің бір-біріне болған сенімін үздіксіз күшейту, терезесі тең болу, ақылдасу, өзара түсінісу, өзара жол қою негізінде бір-біріне тиімді ынтымақтастық жасау, бейбітшілік және даму сынды дәуір ағымына сәйкесу мүше елдер халқының мүддесі мен тілегіне үйлеседі.

Біз осы туды биік ұстап, «ШЫҰ-ға мүше елдердің ұзақ уақыттық тату көршілік, достық ынтымақтастық шартын» шынайы тиянақтандырып, осы ұйым аясында түрлі саладағы ынтымақтастықты шын пейілімізбен ілгерілетіп, мүше елдердің тату-тәтті тұратын жақсы көрші, ауыр жағдайға бірлесе төтеп беретін жақсы дос, қуаныш пен жұбанышта бірге болатын жақсы серік болуына мүмкіндік жасауымыз керек.

Екінші, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірге қорғау. Қауіпсіз, орнықты орта – өзара тиімді ынтымақтастық жасаудың, бірге дамып, бірге гүлденіп-көркеюді жүзеге асырудың қажетті шарты. «Лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге соққы берудің Шаңхай келісімін» және ынтымақтастық бағдарламасын тиянақтандыру, осы ұйымның заң атқару, қауіпсіздік, ынтымақтастық жүйесін кемелдендіру, лаңкестікке қарсы өңірлік құрылымдарға есірткіге тыйым салу функциясын жүктеу, сонымен бірге, осы негізде қауіпсіздік жағындағы қауіп-қатерге және сынға төтеп беретін жалпылық орталық құру керек.

Барлық мүше елдердің ұйымдары да күнделікті ақпарат ауыстыру арнасын ашып, бірлесіп әрекет жасау тәсілдерін зерттеп, «үш түрлі күшке» бірлесіп соққы беріп, осы өңірдегі әр ел халқының өндірісі мен тұрмысына тамаша орта жарату керек.

Ауғанстан – осы ұйымдағы байқаушы ел, Ауғанстан жағдайының беталысы осы өңірдің қауіпсіздігіне және орнықтылығына тығыз қатысты. Бұл ұйым Ауғанстанның ұлтты татуластыруына қолдау көрсетуі, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты ертерек жүзеге асыруына көмектесуі, өңірлік қауіпсіздікті бірге қорғауы тиіс.

Үшіншіден, нақты ынтымақтастықты күш сала отырып дамыту. Нақты ынтымақтастық – ШЫҰ-ның дамуының заттық негізі және қозғаушы күші. ШЫҰ-дағы алты мүше ел мен бес байқаушы елдің бәрі де ежелгі Жібек жолының бойында. ШЫҰ-ға мүше елдер және байқаушы елдер тұрғысынан біз Жібек жолы рухын жалғастыруға, сәулелендіруге жауапты болуымыз керек.

Бірінші кезекте, көлік желісі кең арнасын ашу. «халықаралық автокөлік тасымалына қолайлы жағдай туғызу туралы келсіміне» неғұрлым тезірек қол қою керек. «Келісім» жасасқаннан кейін, еріктілік принципі бойынша байқаушы елдерді көбірек қабылдап, Балтық теңізінен Тынық мұхитқа, Орта Азиядан Үнді мұхитына және Парсы шығанағына дейінгі кедергісіз қатынас тасымал дәлізін құруды ұсыныс етемін.

Екінші кезекте, сауда мен инвестициялауға қолайлылық жасау келісімі жөнінде ақылдасу. Әр жақтың мүддесі мен ден қойып отырған мәселелерін толық ескеру негізінде, сауда және инвестициялау саласындағы ынтымақтастықты кең көлемді қанат жайдыру жөнінен ізденіс жасап, мүше елдердің ынтымақтастық әлеуетін толық сәулелендіріп, абзалдылықтары арқылы бір-бірін толықтап, бірге дамуын, бірге көркейіп-гүлденуін қолдау керек.

Үшінші кезекте, қаржы саласындағы ынтымақтастықты күшейту. ШЫҰ-ның өркендету банкін құруға қозғаушылық етіп, осы ұйымның инфрақұрылым мен экономика-сауда ынтымақтастық нысанын аккомодация жағынан қамтамасыз ету және ол үшін есеп жабу текшесін қалыптастыру керек, сонымен бірге, ШЫҰ-ның арнаулы есеп түрін тезірек ашып, осы ұйым аясындағы нысанды зерттеу және ауыс-түйіс жасауға қызметкер жетілдіруге қаржылай қолдау көрсету керек. ШЫҰ банк консорциумы сынды механизмін жақсы пайдаланып, осы өңірдегі елдер қаржы құрылымдарының ауыс-түйісі мен ынтымақтастығын күшейту керек.

Төртіншіден, энергетика клубын құру. Осы ұйым аясындағы энергетикалық ынтымақтастықты сәйкестіріп, орнықты сұраныс-ұсыныс қатынасын орнатып, энергетика қауіпсіздігіне шынайы кепілдік ету, сонымен бірге, энергия өнімділігін жоғарлату және жаңа энергияны ашу салаларында кең көлемді ынтымақтастық жасау керек.

Бесіншіден, астық қауіпсіздігі ынтымақтастық механизмін орнату. Ауылшаруашылық өндірісі, ауылшаруашылық өнімдері саудасы, азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты күшейтіп, астық қауіпсіздігіне шынайы кепілдік ету керек.

Төртінші, гуманитарлық ауыс-түйіс пен халықтар арасындағы барыс-келісті күшейтіп, ШЫҰ дамуының халықтық негізі мен әлеуметтік негізін бекемдеу. Біз мәдениет, білім беру, кино-телевидение, денсаулық сақтау, спорт, саяхат салаларында ынтымақтастықты кең көлемді қанат жайдыруымыз керек.

Қытай Бейжің саммитінде алдағы 10 жылда мүше елдерден келген 30 мың студентке үкіметтің стипендиясын беретінін жариялаған еді. Біз мүше елдермен бірлесіп, осы нысанды ойдағыдай тиянақтандыруға пейілміз.

Қытай Шаңхай саяси-заң институтынан «Қытай-ШЫҰ халықаралық заң атқару жағындағы ауыс-түйіс, ынтымақтастыққа арналған жетілдіру базасын» құрып, осыны пайдаланып, басқа да мүше елдерге әділет қабілеттерін жетілдіріп беруді қалайды.

Дәстүрлі медицина – тараптары ынтымақтастығының жаңа саласы, Қытай кез келген мүше елдермен бірлесіп, Қытай емдеу құрылымын құрып, дәстүрлі медицина байлығынан толық пайдаланып, мүше елдер халқының денсаулығы үшін қызмет етуге пейіл.

Тараптардың келіскен ортақ танымына сай, Қытай ШЫҰ тату көршілік, достық Ынтымақтастық Комитетін алдымен құрды, әрбір мүше елдер мен байқаушы елдердің де осы секілді қоғамдық ұйым құрып, әр ел халқының өзара түсінісуі мен дәстүрлі достығын күшейтуін ұсыныс етемін.

Бұл жолғы саммитте қабылданған «Бішкек жарнамасы» Сирия мәселесі жөніндегі ШЫҰ-ға мүше елдердің майданын байымдады. Бұл арада мен мынаны дәріптей кетейін:Қытай Сирияның жағдайына ерекше назар аударады, халықаралық қауымдастықтың соғысты тоқтату, зорлық-зомбылықты тыю, татуластыру, келіссөз өткізуге белсене қозғаушылық етуін қолдайды, Сириядағы қақтығыспен жатқан екі тарапты дағдарысты саяси жолмен шешім етуге шақырады. Қытай Ресей ортаға қойған Сирияның химиялық қаруларын халықаралық қауымдастықтың бақылап-басқаруына өткізу және жою жөніндегі ұсынысын қолдайды, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арқылы тиісті тараптармен пікір алмасып және сәйкестіруді күшейтіп, Сирия мәселесін саяси жолмен шешуге қозғаушылық ету үшін үздіксіз қолдау көрсетуді қалайды.

Сіздерге рақмет!

(2013 жыл, 13 қыркүйек)

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото