Қытай көмекке берген төртінші топ «COVID-19» вакцинасы Зимбабвеге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 27 қыркүйек
Қытай көмекке берген төртінші топ «COVID-19» вакцинасы Зимбабвеге жетті

27 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Зимбабвеге көмекке жіберілген төртінші топтағы «COVID-19» вакцинасы 26 қыркүйек күні түстен кейін Зимбабвенің астанасы Харареге жеткізілді. Вакцинаны Зимбабвенің Вице-президенті және Денсаулық сақтау министрі Чивенга өз елінің атынан қабылдап алды.

Еске алар болсақ, 15 ақпанда Зимбабве Қытай көмекке жіберген тұңғыш топтағы «COVID-19» вакцинасын тапсырып алған болатын. Содан бері Зимбабве екі мәрте Қытай көмекке жіберген «COVID-19» вакцинасын қабылдап алды. Сонымен қатар, Зимбабве үкіметі Қытайдан «COVID-19» вакцинасын бірнеше рет сатып алған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото