Шыңжанға қатысты маңызды ақ түсті кітап ресми түрде жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қыркүйекте Мемлекеттік кеңестің ақпараттық кеңсесі «Шыңжандағы халықтың дамуы» тақырыбында ақ түсті кітапты жарыққа шығарды.

Ақ түсті кітапта бүгінде Шыңжанның экономикалық және әлеуметтік дамуды кешенді бастан өткеріп отырғаны, жалпы әлеуметтік жағдайы тұрақты, барлық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ал халықтың әлеуеті өсіп-өркендеп жатқаны көрсетілген. Қытайға қарсы шетелдік күштер Шыңжанға қатысты «Геноцид» деп аталатын жалғандықты ойдан шығарып, халықаралық қауымдастықты алдап, қате пікір тудырды. Сол арқылы Қытайдың дамуы мен ілгерілеуіне кедергі жасау ниетінде болды, алайда олардың бұл қастандығы сәтсіз аяқталатын болады.

Қытайға қарсы шетелдік күштердің «Мәжбүрлі еңбек», «Міндетті зарарсыздандыру», «Ата-ана мен баланы ажырату», «Мәдениетті жою», «Дінді бүлдіру» туралы жалған ақпараттарға қатысты ақ түсті кітапта мынадай жауаптар берілген:

Айтылмыш «Мәжбүрлі еңбек»

Қытайға қарсы шетелдік күштер «Мәжбүрлі еңбек» туралы өтірігін ойдан құрап, Қытайдың лаңкестікке және радикализацияға қарсы жасаған әрекеттерін жоққа шығарып, Шыңжанның мақта, қызанақ, фотоэлектр сияқты салаларының дамуына кедергі жасап, Қытайдың ғаламдық өнеркәсіптік тізбектегі ынтымақтастыққа қатысуына нұқсан келтіргісі келді. Сонымен бірге Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың еңбек және даму құқығынан айырып, оларды мешеу қалған кедейлік жағдайында қалдырып, содан кейін Шыңжанда дау-дамай тудырғысы келеді.

Шын мәнінде, Шыңжан әрқашан халықтың мүддесін басты назарда ұстап, дамудың оң философиясын қолдап, жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарына үлкен мән береді. Жұмыспен қамту саясатын белсенді түрде жүзеге асырады, жұмысшылардың тілек-талаптарын толық құрметтейді және азаматтардың еңбек құқықтарын заңға сәйкес қорғайды.

Шыңжанда терроризмге және радикализмге қарсы күресте заңға сәйкес құрылған кәсіптік біліктілікті арттыру және оқыту орталығы (бұдан әрі-оқыту орталығы) әлемнің көптеген елдері жүзеге асырған радикализациядан бас тарту орталықтары, қоғамдық түзету, конверсиялау және арылту жобалармен үндес. 2019 жылдың қазан айында Оқыту орталығының барлық тыңдаушылары оқуларын бітірді. Оқуды аяқтағандардың көпшілігі ресми жұмысқа орналасты, жеке кәсіп ашты немесе үкіметтің көмегімен жұмысқа тұрды, қазір олардың көпшілігінің тұрақты жұмысы бар.

Шыңжандағы барлық этникалық топтардың жұмысшылары, соның ішінде оқу орталығын бітіргендер, мамандықты өз қалауы бойынша таңдайды, тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес, теңдік, еріктілік және бірауызды келісімге сай жұмыс берушілермен еңбек келісіміне отырады. Тиесілі еңбек ақыларын уақытында алады. Ешқандай мәжбүрлеу әрекеті болмайды.

Айтылмыш «Міндетті зарарсыздандыру»

Шетелдегі Қытайға қарсы күштер «Шыңжан ұйғырлар мен басқа да аз санды ұлттардың туу деңгейін төмендету үшін міндетті түрде жоспарлы туу саясатын қабылдады. Қысқасы халықты жойып жатыр» деп жалған мәлімет жасап, бүйректен сирақ шығарып, сандық ойындар ойнауға ұрынды.

Шыңжаң заңға сәйкес жоспарлы тууды жүзеге асырады және міндетті түрде аналардың босануын бақылауға алып, жүктілікті міндетті түрде тексерту сияқтыларға қатаң тиым салады. Әр ұлт халқының өкілдері контрацепцияға қарсы қандай шараларды қабылдауы керектігін және контрацепцияның қай әдістерін қолдану тиімділігін өз еркімен анықтайды және оған ешбір ұйым немесе жеке адам кедергі жасай алмайды.

Деректер тізбегі ұйғыр халқының саны Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бері ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде өскенін және халық санының ұлғаюы жалғасып келе жатқанын көрсетеді. «Бала туудың жолын кесу» және «Халықтың жойылуы» деп аталатындар мүлде қисынға келмейді.

Айтылмыш «Ата-ана мен баланың бөлінуі»

Шетелдегі Қытайға қарсы күштер Шыңжанды «Жаппай ұстауды жүзеге асыру үшін интернаттар құрды», «Ұйғыр ата-анаға, туыстарына немесе ұйғыр қоғамдастық мүшелеріне балаларын тәрбиелеуге жол бермеді», «Ұрпақаралық бөліну» болды және ұйғырларды «ассимиляциялады» деп жалған айтты.

Шыңжанның 1664,900 шаршы шақырым болатын кең аумағы бар. Ауылдар мен қалалар арасындағы қашықтық салыстырмалы түрде ұзақ. Кейбір егіншілік пен мал бағу аймақтарының тұрғындары шашыраңқы орналасқан, ата-аналарға балаларын мектеп ке апару қолайсыз. Интернаттық білім беру міндетті білім берудің қамту деңгейін орнықтыруға, білім берудің теңгерімді дамуына қол жеткізуге, жоғары сапалы білім беру ресурстарын шоғырландыруға, оқыту сапасын қамтамасыз етуге және оқушылардың отбасыларына түсетін жүктемені едәуір азайтуға оң ықпал етеді.

Интернат тәрбиеленушілері дүйсенбіден жұмаға дейін мектепте, демалыс және мереке күндері үйлерінде болады және олар кез келген уақытта демалыс сұрай алады. Оқушының интернатқа түсуі немесе түспеуі отбасының ерікті таңдауына байланысты. «Ата-ана мен баланың бөлінуі» туралы фактілерді мүлдем бұрмалауы, қауесет таратуы жала жабу болып саналады.

Айтылмыш «Мәдениетті жою»

Шетелдегі Қытайға қарсы күштер Шыңжан этникалық азшылықтарды «ассимиляциялау», олардың тілдері мен мәдени дәстүрлерін жою, сол арқылы «мәдениеттің жойылуын» жүзеге асыру үшін мемлекеттік ауызекі және жазбаша тілді жалпыластыруды насихаттады деп жалған мәлімдеме жасады.

Шыңжан мемлекеттік стандартты тілді оқытуды заңға сәйкес жүргізді, сонымен бірге бастауыш және орта мектептерде сабақ ұйғыр, қазақ, қырғыз, монғол және сібе тілдерінде өтеді. Аз ұлттардың тілдері білім беру, әділет саласы, басқару, әлеуметтік және қоғамдық істерде және басқа да салаларда кеңінен қолданылуда.

Шыңжан айырмашылықтарды құрметтеуді, әр тараптылыққа түсінікпен қарауды, өзара бағалауды, әр түрлі халық мәдениетін толық құрметтеуді және қорғауды, түрлі мәдениеттердің үйлесімді өмір сүруін қолдап келеді. «Шам фонарлары фестивалі», «Мәшрап», «Ақындар айтысы», «Қобыз ойнау мен ән айту кеші», «Надам мерекесі», «Хуаэр мерекесі» және т.б. барлық этникалық топтардың өкілдеріне ұнайтын фольклорлық іс-шаралар кеңінен жүргізіледі. Бұл айғақтар тізбегі «Мәдениетті жою» туралы мәлімет мүлдем жалған екенін және аққа қара жаққанын дәлелдейді.

Айтылмыш «Дінді бүлдіру»

Қытайға қарсы шетелдік күштер Шыңжан діни бостандықты шектейді, дінге сенушілердің діни іс-әрекетін бақылайды, мұсылмандардың ораза ұстауына тыйым салады, мешіттерді бұзады және діни қайраткерлерді қудалайды деп жала жапқан болатын.

Ұлттық Конституция мен заңдарға сәйкес, Шыңжан азаматтардың діни сенім бостандығын қорғайды және қалыпты діни іс-әрекеттердің ретті жүруіне кепілдік береді. Дінге сенетін адамдар діни орындарда және үйлерінде діни ғибадаттарға, діни ережелер және дәстүрлі әдет-ғұрыптарға сәйкес ғибадат, ораза және діни мерекелер сынды қалыпты діни іс-шараларды жүргізеді. Әрі мұның барлығы ерікті түрде, еш кедергісіз және шектеусіз орындалады.

Діни қайраткерлерге қолдау жасап, діни қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енгізеді. Оларды тегін медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры жинағы, ауыр сырқаттан, жеке жазатайым оқиғалардың алдын алу сияқты түрлі сақтандырулармен қамтамасыз етеді және жыл сайын денсаулықтарын ақысыз тексертеді.

Шыңжан Ислам дін қызметкерлерін даярлау мен оқытуға мән берді. Қазір Шыңжанда 10 ислам діни колледжі бар. Олар жоғары білікті діни қызметкерлер тобын даярлап, ислам дінінің Шыңжанда салауатты және тәртіпті мұрагерлік етілуіне кепілдік берді.

Дінге сенушілердің қалыпты діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, Шыңжан діни орталықтардың жағдайын неғұрлым жақсарту және олардың орналасуын оңтайландыру үшін жөндеу, жаңа құрылыстар салу, қоныс аудару және кеңейту сияқты шаралар қабылданды. Бұл діни қайраткерлер мен дінге сенушілерге айтарлықтай қолайлы болды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото