Таиланд Конфуций Институтының (Сыныбының) Даму Альянсы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйекте Тайланд Конфуций Институтының (Сыныбының) Даму Альянсы құрылуына орай онлайн режимде бірінші семинар өтті. Оған Қытай мен Тайландтың әр түрлі қоғамдық ұйымдарынан танымал тұлғалар, білім саласының сарапшылары мен ғалымдар, Конфуций институттарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар «Тайландтағы Конфуций институттары (аудиториялары) аймақтық ерекшеліктерінің дамуы» және «Жаңа жағдайда Таиландтағы Конфуций институттарының трансформациясы мен жетілдіру жолдары» сияқты тақырыптар талқыланды.

Таиланд ханшайымы Сириндхорн өз сөзінде «жұмыла көтерген жүк жеңіл», Таиланд Конфуций институтының (сыныбының) даму альянсының құрылуы Таиландтағы қытай оқуларының дамуына, Тай-Қытай мәдени алмасуына және Тай-Қытай достық қарым-қатынасына оң ықпалын жасайтындығын айтты.

Қытайдың Таиландтағы елшісі Хан Чжицян Тай Конфуций институттары (аудиториялары) әрқашан тең ынтымақтастық пен өзара тиімділік сияқты оқыту принциптерін ұстанатынын, Тай халқының қытай тілін үйренуге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға, Қытай мәдениетіне деген түсініктерін арттыруға, екі ел достығын одан әрі нығайтуға ниетті болатынын, сонымен бірге Тай халқының Қытайды жан-жақты танудағы маңызды платформаға айналатынын айтты.

Аталған альянс - Таиландтағы қытайлық оқытуды, Қытай мен Таиланд арасындағы мәдени алмасуды, достық қарым-қатынасты дамытуды насихаттау мақсатында Таиландтағы 27 Конфуций институттары мен тәуелсіз Конфуций сыныптарының өздігінен құрылған бейресми кооперативтік ұйымы.

2006 жылы Таиландта бірінші Конфуций институты құрылғаннан бері, Таиланд пен Қытай ынтымақтаса отырып 16 Конфуций институты мен 11 Конфуций сыныптарын ашты. Оқыту бағдарламасы қытай тілін үйретуден бастап, «қытай тілі+технология» бірлігіндегі әр тараптандырылған арнайы курстарға дейін дамыды. Сонымен бірге жергілікті жоғары жылдамдықты теміржол, логистика, туризм, электронды коммерция және басқа да салалар үшін көптеген білікті мамандарды дайындады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото