- Барлық ақпарат
2025 жылғы мемлекеттік спорт жарысын Гуандун, Сянган және Аомэнь бірлесе өткізеді
28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйекте Шэньсидің Сиань қаласында (еліміздің солтүстік-батысында орналасқан өлке) 14-ші кезекті мемлекеттік спорт жарысы шымылдығын жапты.
Жабылу салтанатында Гуандун өлкесінің өлке бастығы Ма Синжруй, Сянган арнайы әкімшілік регионының бас атқарушысы Кэрри Лам және Аомэнь арнайы әкімшілік регионының бас атқарушысы Хэ Ичэн мемлекеттік спорт жарысының туын 14-ші кезекті мемлекеттік спорт жарысын ұйымдастыру комитетінің директоры және мемлекеттік спорт жалпы әкімшілігінің директоры Гоу Чжунвэньнен өткізіп алды.
Бұл мемлекеттік спорт жарысының арқауы құрлықтың ішінде реформа және ашық есік саясатын жүргізіп жатқан Шэньси мен Қытайдың реформа және ашық есік саясатының көш басшысы болған Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанағын жалғады.
15-ші реткі мемлекеттік спорт жарысын 2025 жылы Гуандун, Сянган және Аомэнь бірлесе өткізеді.
people.cn © People's Daily Online