Чжухай әуе көрмесі бүгін ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қыркүйек күні таңертең Чжухай халықаралық әуе көрмесі орталығында 13-ші кезекті Қытай әуе көрмесі ресми түрде ашылды. Бұл жолғы әуе көрмесіне онлайн және офлайн түрде 40-қа жуық ел мен аймақтардан 700 компания мен мыңдаған экспонаттар қойылады; бұл жолғы әуе көрмесіндегі көрме залдарының саны өткен жолғы 8-ден 11-ге дейін өсті.

Ұйымдастырушы жақтан әуе көрмесі кезінде 105 ұшақ, 30-дан астам радар мен басқа да жабдықтар динамикалық және статикалық түрде көрсетілетінін білді. Олардың ішінде Қытай әуе армиясының «1 тамыз» аэробатикалық командасы мен Қытай әскери-әуе күштері авиациялық университетінің «Қызыл бүркіт» аэробатикалық командасы осы әуе көрмесінде аэробатиканы орындайды, ал авиация өнеркәсібі Птеродактил II (Pterodactyl II) адам басқармайтын ұшу аппараты және AG600 үлкен амфибиялық ұшақтары ұшып өнер көрсетеді.

Қытай Халық-Азаттық Армиясының әскери-әуе армиясы қазіргі озық қару-жарақтардың өкілдерін көрмеге қояды. Азаматтық авиация жүйесі, Авиациялық өнеркәсіп, COMAC, Аэроғарыштық ғылым мен технология, Аэроғарыштық ғылым мен өнеркәсіп, China North Industries Group, Қытай әскери техникалары, Қытай электр технологиялары, Қытай авиациялық қозғалтқыштары, Қытайдың электронды ақпарат индустриясы, Поли сынды топтар жаңа өнімдері мен жаңа техникаларын көрмеге әкелді.

Қытайдың бұл әуе көрмесін Мемлекеттік кеңес бекітеді және екі жылда бір рет өткізеді. Ол 1996 жылы алғаш рет өткізілгеннен бері ауқымы барған сайын кеңейіп, көрмеге қойылатын жабдықтардың деңгейі жылдан жылға жақсарып келеді. Ол Азия-Тынық мұхиты аумағындағы және тіпті әлемдегі ауқымдылығы мен ықпалы бойынша алдыңғы ірі әуе көрмесіне айналды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото