«Шэньчжоу-12» әлем кемесінің оралу кабинасының кабинаны ашу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 қыркүйек

28 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйекте Бейжіңде «Шэньчжоу-12» әлем кемесінің оралу кабинасының кабинаны ашу салтанаты өтті. Әлем кемесі жобасының кейбір зерттеуіне қатысушы ұйымдар, жүк тасымалдаушы орындардың өкілдері тасымалданған заттарды кабинадан шығаруға куә болды. Бұл жолғы «Шэньчжоу-12» әлем кемесі аэроғарыштық өсіру және ғарыш биологиялық эксперименттері сияқты 10 -нан астам жобаны жеткізді.

Суретте қызметкерлер кабинаны ашып, ондағы жеткізілген заттарды алып жатқанын көруге болады.

Ескере кетейік, 2021 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 13:37–де «Шэньчжоу-12» әлем кемесі жерге сәтті оралып, өз миссиясын табысты аяқтаған. «Шэньчжоу-12» нөмірлі әлем кемесіндегі ғарышкерлер ғарыш станциясында 90 күн бойы тұрақтап, кешенді жұмыс жасаған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото